• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Әлем 25 Наурыз, 2017

Қытайда электр станциясы құлап, 9 адам мерт болды

171 рет
көрсетілді

Қытайдың оңтүстігінде орналасқан Гуанчжоу қаласының Цунхуа округінде жаңа салынып жатқан жылу электр станциясы құлады. Бұл туралы «Синьхуа» агенттігіне сілтеме жасап Lenta.ru хабарлайды.

Оқиғаның салдарынан 9 адам қайтыс болып, тағы екі адам зардап шекті. Қазіргі таңда онда құтқару жұмыстары жүріп жатыр. Қирандылардың астында қалған адамдардың нақты саны белгісіз. Оқиғаның мән-жайы анықталуда. 

24 наурыз күні жергілікті уақыт бойынша сағат 07-00-лер шамасында елдің шығысында орналасқан Цзянси провинциясында құрылысы жүріп жатқан электр станциясының салқындатқыш мұнарасы құлады. Соның салдарынан 74 адам құрбан болып, тағы екі құрылысшы жарақат алған болатын.

Соңғы жаңалықтар