• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Қазақстан 29 Наурыз, 2017

Ядролық қаруға тыйым салу туралы келісім құру жөнінде келіссөздер басталды

274 рет
көрсетілді

Қазақстан Сыртқы істер министрлігінің Ерек­ше тапсырмалар жөніндегі елшісі Ерболат Сембаев бастаған отандық делегация Біріккен Ұлттар Ұйымының (БҰҰ) Нью-Йорктегі штаб-пәтерінде өтіп жатқан Ядролық қарудың түбегейлі жойылуына әкелетін Ядролық қаруға тыйым салу туралы заңдық міндеттеуші күші бар құжат әзірлеу бойынша БҰҰ конференциясының 1-ші сессиясына қатысуда, деп хабарлады Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі.

Конференцияның жоғарғы деңгейлі сегментінде жасаған мәлімдемесінде қазақстандық дипломат Конференцияның қатысушыларын еліміздің ядролық қарусыздандыру саласында атқарып жатқан әрекеттері туралы баяндады. Сондай-ақ, Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың БҰҰ Бас Ассамблеясының 70-ші сессиясында жария етілген 2045 жылы Ұйымның жүз жылдығына орай ядролық қарудан азат әлем құру туралы бастамасының және Елбасының «Әлем. ХХІ ғасыр» Манифесінің маңыздылықтары айтылып өтілді.

Сонымен қатар, қазақстандық делегация өкіл­дерімен құрылып жатқан халықаралық құжат мәті­нінің жобасына өзінің деректі ұсыныстары ұсынылды.

БҰҰ Бас Ассамблеясының 2016 жылғы 23 жел­­тоқ­­сандағы A/RES/71/258 қарарына сәй­кес Ядро­лық қарудың түбегейлі жойылуына әке­летін Ядро­лық қаруға тыйым салу туралы заңдық міндет­теуші күші бар құжат әзірлеу бойынша БҰҰ Кон­фе­рен­циясы Нью-Йорк қаласында 2017 жыл­ғы 27-31 наурыз және 15 маусым-7 шілде аралығында өтеді.

Соңғы жаңалықтар