Кеше Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің төрағасы А.С.Смолиннің басшылығымен Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің отырысы өткізілді.
Отырысқа Заңгерлер одағының, Жоғарғы Соттың жанындағы Сот төрелігі академиясының өкілдері қатысты.
Кеңес Жоғарғы Сот төрағасының кейбір судьяларды қызметінен босату және судьяның қызметте болу мерзімін ұзарту жөніндегі ұсынымдарын қарады. Сондай-ақ, судьяларды іріктеуді жетілдіру мәселелері қаралды.
Бұдан басқа, отырыста Жоғарғы Соттың кейбір жергілікті соттар судьяларының санын өзгерту жөніндегі ұсынысы қолдау тауып, басшы судьяларды лауазымдарына кадр резерві қалыптастырылды.
Отырыстың қорытындылары бойынша Кеңес тиісті шешімдер мен ұсынымдар қабылдады.
Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің аппараты