– Сонау 1990 жылы Кеңес өкіметінің үстемдік етіп тұрған кезі. Ол кезде мен 20 жастамын. Бірде аула-қорамыз өртенді. Менің атамның атасы Мектепқалидан қалған Құранды жұрт көзіне көрсетпей, кебежеге салып қоятын еді. Оның себебі, ауылдағы белсенділер Құран оқиды, діннің сарқыншағы деген сөздерінен қашып, осылай жасырады екен. Бір ғажабы, сол өртте Құранның айналасы ғана өртеніп, басқа жері аман қалды. Біз таңғалдық. Қасиетті деген осындайдан қалған болар, дейді Ж.Нығметов.
Енді Құранның қай жылдан келе жатқанын есептер болсақ, оның әкесі Сағидолла, оның әкесі Нығмет, Нығметтің әкесі Мектепқали, былайша айтқанда, Жанболат ағаның үшінші атасының Құраны. Сонда бұл Құранды пайдаланғанға ғасыр жарым уақыт болған.
Қасиетті Құранның өртке оранбаған беттерін «бисмилла рахман рахим» деп іштей оқып, суретке түсіріп алдым.
Жұлдыз АСҚАР
Батыс Қазақстан облысы,
Қазталов ауданы