АҚШ долларының теңгеге шаққандағы құны 315 айналасына тұрақтады.
KASE-нің таңғы сессиясының қорытындысы бойынша, бүгін, 29 наурызда 1 АҚШ доллары 315,05 теңгеге бағаланды.
Естеріңізге сала кетейік, кеше күндізгі сессияның қорытындысында доллар бағамы 314,88 теңге болған еді.
Ал бүгін Астана уақытымен таңғы сағат 11:00-де Брент маркалы мұнай құны 0,31 пайыз қымбаттап, 51,58 долларға саудаланды.
Мұнайдың біртіндеп құайта қымбаттай бастауын сарапшылар өткен апта соңында Кувейтте өткен ОПЕК+ комитетінің жиынымен байланыстырады. Шарада мұнай экспорттаушы елдер өкілдері жылдың екінші жартысынан кейін де мұнай өндірісін шектеу туралы келісімді өз күшінде ұстауға мүдделі екендіктерін білдірген еді.