• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
23 Сәуір, 2011

Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі басқармасының қаулысы № 171

368 рет
көрсетілді

2010 жылғы 29 қараша                          Алматы қаласы Сақтандыру портфелін беру ережесін бекіту туралы 2000 жылғы 18 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасындағы сақтандыру қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңын жүзеге асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасы (бұдан әрі – Агенттік) қаулы етеді: 1. Сақтандыру портфелін беру ережесіне қоса беріліп отырған қосымшаға сәйкес бекітілсін. 2. Мыналар: 1) Агенттік Басқармасының 2006 жылғы 25 наурыздағы «Сақтандыру портфелін беру ережесін бекіту туралы» № 86 қаулысының (Нормативті құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 4209 тіркелген); 2) Агенттік Басқармасының 2008 жылғы 26 ақпандағы «Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006 жылғы 25 наурыздағы «Сақтандыру портфелін беру ережесін бекіту туралы» № 86 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» № 22 қаулысының (Нормативті құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 5176 тіркелген) күші жойылды деп танылсын. 3. 2012 жылғы 1 қаңтарда енгізілетін осы қаулының қосымшасындағы 9-тармақтың екінші бөлігін қоспағанда, осы қаулы алғаш ресми түрде жарияланған күннен он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізілсін. Төрайым    Е. БАХМУТОВА. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2010 жылы 29 қарашадағы № 171 қаулысымен бекітілген Сақтандыру портфелін беру ережесі 1-тарау. Жалпы ережелер 1. Осы Ереже 2000 жылғы 18 желтоқ­санын­дағы «Қазақстан Республикасындағы сақтан­дыру қызметі туралы» Қазақстан Республи­касының Заңына (бұдан әрі – Заң) сәйкес әзірленді және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының, консервация сатысындағы немесе сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын мәж­бүрлеп тарату туралы сот шешімі заңды күшіне енгенге дейін уақытша әкімшіліктің (уақытша басқарушы), мәжбүрлеп таратылатын сақтан­дыру (қайта сақтандыру) ұйымының тарату комис­сиясының сақтандыру портфелін беру тәр­тібін белгілейді. 2. Осы Ережеде пайдаланылатын негізгі тү­сініктер: сақтандыру портфелін беру – сақтандыру ұйымына (уақытша әкімшілікке (уақытша басқа­рушы), тарату комиссиясына) шарт (шарттар) негізінде бір немесе бірнеше сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымымен, осы сақтандыру ұйы­мы­ның сақтанушыларымен жасалқан сақтан­дыру шарттарының барлығы немесе бір бөлігі негізінде туындаған құқықтар және міндеттерді беру; сақтандырушы-алушы – сақтандыру портфелін қабылдайтын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы; әлеуетті сақтандырушы-алушы – сақтандыру портфелін қабылдауға мүдделілік танытқан сақ­тандыру (қайта сақтандыру) ұйымы; уәкілетті орган – қаржы нарығын және қаржы ұйымын реттеу мен қадағалау жөніндегі мемлекеттік орган. 3. Осы Ереженің қолданылуы Қазақстан Республикасының заңнамасы негізінде әмбебап құқық иеленушілік кезде, мүлік кешені сияқты сақтандырушының кәсіпорнын сату кезінде сақтандыру шарттары бойынша сақтандырушы­ның құқықтары мен міндеттерінің көшу жағдайларына таралмайды. 2 тарау. Сақтандыру портфелін беру 4. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сақтандыру шарттары бойынша құқық­тары мен міндеттерін беру (қабылдау) құқығы (міндеті) бар кез келген сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының (бұдан әрі – сақтандыру ұйымы) бастамасы бойынша жасалған сақ­тандыру шарттары бойынша міндеттерді аудару осы Тарауға сәйкес сақтандыру портфелін беру үшін негіз болып табылады. Сақтандыру ұйымы сақтандыру портфелін беру туралы шартты ерікті түрде тарату туралы шешімді қабылдағанға дейін кез келген уақытта жасай алады. Сақтандыру портфелін консервация сатысын­дағы немесе сақтандыру ұйымын мәжбүрлеп тарату туралы сот шешімі күшіне енгенге дейін беру сақтандыру ұйымының уақытша әкімшілі­гімен, ал сақтандыру ұйымын мәжбүрлеп тарату туралы сот шешімі күшіне енгеннен кейін – сақтандыру ұйымының тарату комиссиясымен жүзеге асырылады. 5. Сақтандыру ұйымын сақтандыру портфелін беру шартын жасауда мәжбүрлеуге жол берілмейді. 6. Заңмен және осы Ереженің 44-тармағының 2)-тармақшасымен, 48, 61-тармақтарымен қарас­ты­рылған жағдайларды қоспағанда, сақтандыру портфелін беру сақтанушының келісімі болған жағдайда ғана жүзеге асырылады. 7. Сақтандыру портфеліне енгізілетін және Заңның 37-1-бабының 3-тармақшасымен белгіленген талаптарға сәйкес сақтандыру шарттары берілетін сақтандыру сыныптарын жүзеге асы­руға лицензиялары бар сақтандырушыға (сақтан­дырушыларға) сақтандыру портфелі беріледі. 8. Сақтандырушы сақтандыру портфелін қа­был­дауды сақтандырушының уәкілетті органы­ның тиісті шешімі негізінде жүзеге асырады. 9. Сақтандырушының сақтандыру портфелін беруіне мынадай: сақтандыру портфелін қабылдайтын сақтан­ды­ру­шы-алушы оны қабылдау кезінде пруден­циялық нормативтер бойынша және қабылда­натын сақтандыру портфелін есепке ала отырып, нормалар мен лимиттерді қадағалауға қатысты өзге міндетті талаптарды қадағаламаған; Заңмен және осы Ереженің 44-тармағының 2)-тармақшасымен, 48, 61-тармақтарымен қарас­тырыл­ған жағдайларды қоспағанда, сақтандыру­шыны ауыстыруға сақтанушылардың келісімі болмаған; сақтандырушы-алушының сақтандырудың қа­был­данатын сыныбы (сыныптары) бойынша лицензиясы болмаған; сақтандыру ұйымының берілетін сақтандыру портфелі бойынша міндеттемелерді (сақтандыру резервтерін) өтеуге жеткілікті активтері болма­ған жағдайларда жол берілмейді. Берілетін портфель бойынша міндеттеме­лердің (сақтандыру резервтерінің) мөлшерін бағалауды тәуелсіз актуарий жүзеге асырады. 10. Ереженің 9-тармағының бесінші абзацын­дағы ереже сақтандыру портфелін Заңның 69-1-бабына сәйкес беру жағдайына таралмайды. 11. Сақтандыру шарты бойынша міндеттемелерді беру осы шарт бойынша сақтандыру ұйы­мының борышкерлері немесе кредитор­ларының олармен байланысты құқықтары немесе міндеттемелерін бір мезгілде беру арқылы жүргізіледі. Осы сақтандыру шартынан туындаған тек құқықтарды немесе тек міндеттерді беруге болмайды. 12. Бір сақтандыру шартынан сақтандыру міндеттемелерінен басқа, өзге де міндеттемелер туындаған жағдайда, онда сақтандыру ұйымы­ның құқықтары мен міндеттерінің берілуі Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте өзге міндеттемелер бойынша оның құқықтары мен міндеттерін бір мезгілде беру арқылы жүзеге асырылады. 13. Сақтандыру шарттары бойынша құқықтар мен міндеттерді беруімен бір мезгілде қайта сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру портфелін беретін сақтандыру ұйымының - қайта сақтанушының құқықтары мен міндеттерін беруі мүмкін. Егер қайта сақтандыру шарты бойынша сақ­тандыру портфелін беретін сақтандыру ұйымы – қайта сақтанушының құқықтары мен міндеттері бір мезгілде оның қайта сақтандырылған сақ­тандыру шарттарынан туындаған құқықтары мен міндеттері берілмеген жағдайда, сақтандыру ұйымы – қайта сақтанушы қайта сақтандыру объектісі толық немесе ішінара жойылғаны туралы хабарлайды. 14. Сақтандыру портфелін беру кезінде сақ­тандыру шарттарын беру бойынша сақтандыру ұйымының құқықтары мен міндеттері сақтан­дырушыға сақтандыру портфелін беру кезінде бола­тын сол көлемде және сол талаптарда көшеді. Сақтандырушы – алушының сақтандыру порт­фелін беру туралы шартта көрсетілген сақтандыру шарттары бойынша құқықтар мен міндеттері оған көшкен кезден бастап, барлық тоқтатылмаған құқықтарға ие болады және берілетін сақтандыру шарты күшіне енген кезден бастап туындаған сақтандырушы ұйымның тоқтатылмаған міндеттеріне жауап береді. 15. Сақтандыру ұйымы басқа сақтандыру­шыға (сақтандырушыларға) сақтандыру портфелін бергенге дейін осы Ереженің 1-қосымшасына сәйкес берілетін сақтандыру портфелінің құра­мына енгізілетін сақтандыру шарттарының тізімін (бұдан әрі – Тізім) жасайды. Шарттардың тізімі сақ­тандыру (қайта сақтандыру) шарттары­ның Тізілімінің мәліметтері негізінде қалыптас­тырылады, оның тізбесі Сақтандыру ұйымының сақтандыру қызметін жүзеге асыруға қойлатын, оның ішінде сақтандыру нарығына қатысушы­лармен өзара қарым-қатынасы бойынша талап­тардың 5-1 тармағында және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2010 жылғы 1 наурыз­дағы № 25 қаулысымен (Нормативті құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің Тізілімінде № 6164 тіркелген) бекітілген сақтандыру агентінің делдалдық қызметті жүзеге асыру өкілетінде белгіленген. Шарттардың тізімі оның құрамында бар ақпаратты өзгерту немесе жаңасын алуына қарай жаңартылуы тиіс (шартты бұзу, сақтандыру шартын беруге сақтанушыдан келісім алу немесе бас тарту, сақтандыру жағдайы туралы өтініш алу, сақтанушының сақтандыру сыйлықақысын төлеуі, жүзеге асырылған сақтандыру төлемі және басқа да ақпараттардың өзгерістері). 16. Шарттардың тізімін жасағаннан кейін сақтандыру ұйымы әрбір сақтандыру шарты бойынша сақтандыру резервтерінің мөлшеріне алдын ала есептеу жүргізеді. Әрбір сақтандыру шарты бойынша сақтандыру резервтерінің құра­мына: еңбек сіңірілмеген сыйлықақы резерві; туындаған, бірақ сақтандыру сыныбы бойынша еңбек сіңірілмеген сыйлықақының біріккен резервінде сақтандыру шарты бойынша еңбек сіңірілмеген сыйлықақы резерві үлесін негізге ала отырып есептелген, мәлімденбеген шығындар резерві енгізіледі. Сақтандыру резервтерін есептеу Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2002 жылғы 3 маусымдағы № 211 қаулысымен (Нормативті құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №1921 тіркелген) бекітілген Қазақстан Республикасының сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының сақтандыру резервтерін есептеу әдістемесіне қойылатын талаптар туралы нұсқаулыққа сәйкес жүргізіледі. 17. Берілуі болжанған сақтандыру міндеттемелеріне сәйкес сақтандыру резервтерінің алдын ала мөлшерін айқындағаннан кейін сақтандыру ұйымы сақтандыру портфелімен бірге берілуі болжанып отырған активтердің тізбесін жасайды. Активтердің тізбесі мыналарды қамтуы тиіс: 1) сақтандыру міндеттемелерінің берілуі бол­жанып отырған тиісінше сақтандыру резерв­терінің алдын ала мөлшерінің шамасы; 2) сақтандыру портфелінің құрамында берілуге тиіс активтердің мөлшері, түрі және тізбесі (сақтанушының дебиторлық берешегі және басқа активтер); 3) Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2008 жылғы 22 тамыз­дағы № 131 Қаулысымен (Нормативті құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 5331 тіркелген) (бұдан әрі – № 131 Қаулы) бекітілген Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының пруденциалдық нормативтер есебінің нормативтік мәні мен әдістемесі, пруденциалдық норма­тивтердің орындалғандығы жөніндегі есепті беру нысандары мен мерзімі туралы Нұсқаулық­тың талаптарына сәйкес сақтандыру резервтерін өтеуде қабылданатын активтеріне сәйкес келетін активтердің мөлшері, түрі және тізбесі; 4) жеткіліксіз сомаға өзге активтердің мөлше­рі, түрі мен тізбесі және 131 қаулыға сәйкес сақтандыру резервтерін өтеуге қабылданатын активтерге сәйкес келетін активтерге оларды ауыстыру түрлері (берілуі болжанып отырған сақтандыру міндеттемелеріне сәйкес сақтандыру резервтердің мөлшеріне қатысты 131 қаулының талаптарына сәйкес сақтандыру резервтерін өтеуге қабылданатын активтерге сәйкес келетін активтер мөлшерінің жеткіліксіз жағдайда). 18. Сақтандыру портфелімен берілетін актив­тердің 131 қаулыға сәйкессіздігінде, сақтандыру ұйымы сәйкес келмейтін сақтандырушы-алушы қабылдамайтын активтерді ауыстыруға бағыт­тал­ған қажетті іс-шараларды (сатып алу-сату, ауыстыру және басқа да операциялар) жүргізеді. 19. Нақты сақтандыру шарты бойынша сақтандырушыны ауыстыруға қажетті келісім алу қажеттілігі бойынша сақтандыру ұйымы әрбір осындай шарт бойынша сақтандыру портфелін беруімен бір мезгілде беруге жататын құжаттар жиынтығын құрастырады. 20. Сақтандыру портфелінің құрамында сақтандыру шарттарын беруге сақтанушыдан келісім алу үшін мерзімі аяқталғаннан кейін сақ­тандыру ұйымы Шарттың тізімге тиісті өзге­рістер енгізеді және сақтандыру портфелін беру туралы шартты дайындауды және оның талаптарын сақтандырушы-алушымен бірге келісуді бастайды. 21. Сақтандыру портфелін беру туралы шартты жасағаннан кейін сақтандыру ұйымы сақтан­дырушы-алушыға сақтандыру портфелін беру туралы шартта тараптар келісілген мерзімде, тәртіпте және талаптарында сақтандыру портфеліне жататын барлық құжаттарды, тиісті сақтандыру міндеттемелеріне берілетін сақтан­дыру резервтерінің мөлшеріндегі активтер, сақтандыру портфелін беру туралы шарт талаптарына сәйкес ақпарат және басқа мәліметтер мен құжаттарды береді. 22. Берілген сақтандыру портфеліне енгізілген құқықтар мен міндеттердің көшу кезінен бастап сақтандыру портфелін қабылдаған сақ­тан­дырушы-алушы берілген сақтандыру портфелі бойынша барлық құқықтарды иеленеді және міндеттерге жауап береді. Сақтандыру ұйымы сақтандыру портфелін беру туралы шартта тараптармен келісілген талаптарда сақтандырушы-алушыға сақтандыру портфелін бергеннен кейін сақтандыру портфелін берген сақтандырушыға келіп түскен барлық құжаттар мен ақпаратты береді. 23. Сақтандыру ұйымы берілетін сақтандыру портфеліне сәйкес сақтандыру резервтерінің мөлшерін есептеу үшін сақтандыру портфелін беру күніне актуарийді тартады. Сақтандырушы-алушы сақтандыру резервтерінің мөлшерін есептеуді жүзеге асыру дұрыстығын тексеру үшін актуарийді тартуы мүмкін. Сақтандыру ұйымын мәжбүрлеп тарату кезінде сақтанушыларға (сақтандырылғандар, пайда алушылар) сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруға кепілдеме беретін ұйым өткізетін сақтандыру ұйымына және сақтандырушы -алушының актуарийлерінің есептеуді бағалау үшін актуария тартуы мүмкін. 3-тарау. Сақтандыру ұйымының ерікті тәртіпте беретін сақтандыру портфеліне енгізілетін құқықтар мен міндеттерді беруге сақтанушының келісімі 24. Сақтандырушыны ауыстыруға сақтану­шының келісімін алу үшін сақтандыру ұйымы сақтанушыға осы Ереженің 2-қосымшасына сәйкес жазбаша сұрату жібереді. 25. Сақтандыру портфелін беру туралы шарттың мазмұнында қайта сақтандырушыны (қайта сақтанушыны) ауыстыруға қайта сақта­нушының (қайта сақтандырушының) келісімі туралы ереже болған және оған қайта сақтан­дырушы (қайта сақтанушы) қол қойған жағдайда қайта сақтандыру шарттары бойынша қайта сақтан­дырушыны (қайта сақтанушыны) ауыс­тыруға қайта сақтанушының (қайта сақтан­дырушының) келісімі алынды деп есептелінеді. 26. Сақтандырушыны ауыстыруға сақтану­шының келісімі туралы сұрату мазмұнында олар жауап беруге тиісті күні бар. Сақтандырушыны ауыстыруға келісім туралы сұрату адресаттың өз қолына қолхатпен немесе сұратудың дерегін және алған күнін растайтын өзге де тәсілмен берілуі мүмкін. 27. Сақтандырушыны ауыстыруға келісімі туралы сақтанушыларға берілетін сұратуында сақтандырушы олардың сақтандырушыны ауыс­ты­рудан және сақтандыру шартының мерзімін ұзартудан бас тартуға құқығын түсіндіреді. Сақтанушы алдыңғы сақтандыру шартының қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін сақтан­дыру шартының мерзімін ұзарту бойынша сақтандыру сыйлықақысын төлеген жағдайда, мерзімі ұзартылған шарт оған қойылатын талаптарды ескере отырып, берілетін сақтан­дыру портфеліне енгізілуі мүмкін. 28. Сақтандырушы-алушының сақтандыру ережесі сақтандыру портфелінің құрамында берілетін сақтандыру шарттарының талаптарына сәйкес келмеген жағдайда, сақтандырушыны ауыстыруға келісімі туралы сұратуымен бір мезгілде сақтанушыға шарттың талаптары өзгеруіне және (немесе) сақтандырудың жаңа ережелеріне оферта жіберіледі. 29. Сақтандырушыны ауыстыруға келісімі туралы сұратуымен бір мезгілде сақтандыру ұйымы сақтанушыларды сақтандыру портфелін беру болжанған күні туралы хабардар етеді. Сақтандыру портфелін бергеннен кейін сақтандыру ұйымы сақтанушыларды сақтандыру портфелін беру болған күні туралы хабардар етеді және оған сақтандыру портфелін қабылдаған сақтандырушы туралы ақпаратты хабарлайды (мекенжайы, телефондары, Қазақстан Респуб­лика­сындағы сақтандырушының өкілдері туралы ақпаратты, олардың жұмыс уақыты туралы және сақтандыру шарты бойынша олардың құқықтары мен міндеттерін бұдан әрі іске асыру үшін қажетті басқа ақпаратты). Сақтандырушы сақтанушыға сақтандырушы­ны ауыстыру болғаны туралы хабарлайды және көрсетілген ақпаратты бұқаралық ақпарат құрал­дарында жариялау арқылы жаңа сақтандырушы туралы ақпаратты жібереді. 30. Сақтандыру ұйымы сақтанушылар сақ­тан­дырушыны ауыстырудан бас тартқан жағ­дайда, сақтандыру шарттарын бермейді. 31. Сақтандыру ұйымы сақтанушыдан сұра­туда көрсетілген мерзімде сақтандыру шартын­дағы сақтандырушыны ауыстыруға келісімі немесе бас тарту бар жазбаша жауабын алмаған жағдайда, келісім алынбады деп есептелінеді. Сақ­тандыру ұйымы осындай сақтандыру шар­тын берілетін сақтандыру портфеліне енгізбейді. 32. Сақтандырушыны ауыстыруға келісімі туралы сұратуымен бір мезгілде сақтанушыға шарттың талаптары өзгеруіне және (немесе) сақтандырудың жаңа ережелеріне оферта жіберілген болса, ал сақтанушы сақтандыру шарты­ның талаптарын өзгертуден бас тартқан жағ­дайда, онда сақтандырушыны ауыстыруға сақ­танушының келісімі алынбады деп есептелінеді. 33. Сақтандыру портфелін беру мүмкіндігі сақтанушыдан сақтандыру портфелін беруге келісімі алынбаған себебінен барлық жағдайларда сақтандыру міндеттемелерде тұлғаларды ауыс­тыру жүргізілмейді және осы шарт оның тарап­тарына және өзге қатысушыларға (сақтанды­рушыға, сақтанушыға, өзге кредиторға (пайда алушыға) және шарттың басқа да қатысушы­ларына) қатысты одан әрі қолданыста болады. 34. Заңның 37-1-бабының 2-тармағымен немесе шартпен көзделген жағдайда, сақтандыру портфелінің құрамына берілмеген сақтандыру шарты өзгертіледі, бұзылады немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында немесе шартта белгіленген тәртіппен және талаптарында өзге тәсілмен тоқтатылады. 35. Сақтандыру портфелінің құрамындағы қандай да болмасын сақтандыру шартын беру мүм­кіндігі болмаған кезде, осы шартта сақтан­дырушыны ауыстыруға келісім берген сақта­нушылар сақтандыру міндеттемесінде тұлғалар­дың ауыстырылмағаны туралы хабардар етіледі. 4-тарау. Сақтандыру портфелін беру туралы шарт 36. Сақтандыру портфелін беру туралы шарт жазбаша нысанда жасалады. 37. Сақтандыру портфелін беру туралы шарт мынадай: 1) берілетін сақтандыру портфеліндегі сақ­тандыру шарттары туралы 2) сақтандыру портфеліне берілетін сақтан­дыру шарттарында көзделген құқықтары мен міндеттері туралы (төленбеген сақтандыру сый­лы­қақысының мөлшері, сақтандыру сыйлық­ақысын мерзімін кейінге қалдырып төлеуді немесе бөліп төлеуді ескере отырып төлеу мерзімі, сақтандыру сыйлықақысын төлеу мөлшері мен өткен мерзімі, жасалған сақтандыру төлемдері, жарияланған, бірақ реттелмеген шығындар); 3) сақтандыру шарттарын беру күні туралы; 4) берілетін сақтандыру шарттары бойынша құжаттарды, сондай-ақ сақтандыру шартының орындалуын көрсететін құжаттарды (сақтандыру шарттарының түпнұсқалары, сақтандыру сый­лық­ақысын (сақтандыру жарналарын) төлеуін растайтын құжаттары, сақтандырушы сақтан­дыру жағдайларын реттеу кезде жинаған құжат­тарды, сондай-ақ сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруды растайтын құжаттаманы, реттелмеген сақтандыру жағдайлары бойынша құжаттарды) беру тәртібі мен мерзімдері туралы; 5) сақтандыру портфелін бергеннен кейін сақтандыру ұйымына келіп түскен берілген сақтандыру портфелі бойынша құжаттарды және ақпараттарды беру тәртібі мен мерзімдері туралы; 6) осы Ереженің 16-тармағына сәйкес сақ­тандыру портфелін беретін сақтандыру ұйымы­ның және сақтандырушы-алушының актуарийлері есептеген және сақтандыру портфелін беру күніне лайықты сақтандыру шарттарына сәйкес берілетін сақтандыру резервтерінің мөлшері туралы; 7) берілетін активтердің мөлшері мен құрамы және оларды беру туралы мәліметтерден тұрады. 38. Сақтандыру ұйымына сақтандыру портфелін беру туралы барлық маңызды шарттың талаптары мәлім болған, оны беруге тиісті келісімдер алған және сақтандыру портфелін беруге қажетті өзге талаптар бұзылмаған жағдайда, сақтандырушы бір немесе бірнеше сақтандыру ұйымына сақтандыру портфелін беру туралы шарт жасау ұсынысымен оферта жіберуі мүмкін. Сақтандыру портфелін беру туралы шартты жасау ұсынысын сақтандыру ұйымы жария оферта арқылы жасауы мүмкін. 39. Сақтандыру ұйымы сақтандыру портфелін беруге ниет білдірсе, бірақ оған берілетін сақтандыру портфелінің құрамына енгізуге жататын құқықтар мен міндеттерінің түпкілікті көлеміне қатысты сақтандыру портфелін беру туралы шарттың барлық талаптары мәлім болмағанда, сақтандыру ұйымы және сақтан­дырушы – алушы сақтандыру портфелін беру туралы алдын ала шарт жасай алады. Сақтанушы және сақтандырушы-алушы сақ­тан­дыру портфелін беру туралы алдын ала шарты бойынша болашақта сақтандыру портфелін беру туралы шартты (негізгі шарт) бола­шақта алдын ала шартта көзделген талаптарға сай жасауға міндеттенеді. Алдын ала шарт жазбаша нысанда жасалады, онда шарттың мәнін белгілеуге мүмкіндік туды­ратын жағдайлары, сондай-ақ тараптар шартты жасауға міндеттенетін мерзімін көрсете отырып, сақтандыру портфелін беру туралы шарттың басқа тараптарының жағдайлары болуы тиіс. 40. Сақтандыру ұйымының құжаттарын беру осы Ереженің 3-қосымшасына сәйкес қабылдау-өткізу актісі бойынша беріледі. 41. Сақтандыру ұйымы және сақтандырушы-алушының мөрімен куәландырылған берілген құжаттардың көшірмелері сақтандыру ұйымын­да сақталады. 5-тарау. Сақтандыру ұйымын консервациялағанда, лицензиясынан айыру кезінде сақтандыру портфелін берудің ерекшеліктері 42. Уәкілетті органмен келісілген уақытша әкімшіліктің шешімі консервация сатысында немесе сақтандыру ұйымын мәжбүрлеп тарату туралы сот шешімі күшіне енгенге дейін сақтан­дыру портфелін беруге негіздеме болып табы­лады. 43. Консервация сатысында немесе лицензиядан айыру кезінде сақтандыру портфелін беруді уәкілетті органмен келісімімен және сақтандыру шарттарын қамтамасыз етуге активтер жеткілікті болған жағдайда уақытша әкімшілік жүзеге асырады. 44. Сақтандыру ұйымында консервация енгізуге байланысты тағайындалған уақытша әкімшілік: 1) отыз күнтізбелік күн ішінде сақтан­дырудың бір немесе бірнеше сыныбы бойынша сақтандыру портфелін толық немесе оның бір бөлігін беру туралы шешімді қабылдайды; 2) сақтандыру ұйымын лицензиядан айырған күннен бастап он жұмыс күн ішінде сақтандыру портфелін толық көлемде беру туралы шешім қабылдайды; 3) осы тармақтың үшінші абзацымен белгіленген сақтанушылардың жазбаша түрде қарсы­лық білдіруге арналған мерзімі аяқталған күннен бастап үш күнтізбелік күн ішінде сақтандыру портфелін беруге келісетін сақтандырушылар тізімін қалыптастырады. 45. Сақтандыру портфелін беру туралы шешімді қабылдағаннан кейін мынадай ақпарат бере отырып, осы операцияны жүргізу туралы мәселені келісу үшін уақытша әкімшілік уәкі­летті органға өтініш береді: 1) сақтандыру сыныптары мен объектілеріне бөлінген сақтандыру шарттары бойынша берілуі болжанатын міндеттердің мөлшері; 2) активтердің түрі, активтердің балансты (бар болса – бағаланатын) құны көрсетілген сақ­тандыру ұйымының берілуі болжанған актив­терінің мөлшері, олардың дебиторлық берешегі бойынша талап ету құқығын, сондай-ақ берілуі болжанған активтерге сақтандыру ұйымының меншік құқығын растайтын құжаттамасы көрсетілген сипаттамасы; 3) сақтандыру портфелін беру туралы шарттың жобасы. 46. Уәкілетті орган қажет болған жағдайда уақытша әкімшіліктен сақтандыру портфелін берумен байланысты бар құжаттарды сұратады. 47. Уәкілетті орган он жұмыс күнінен аспай­тын мерзімде уақытша әкімшілікке сақтандыру портфелін беруді келіседі немесе келісуден бас тартады. Сақтандыру портфелін беру мәселесін келісу туралы уәкілетті органның жазбаша жауабында сақтандыру портфеліне енгізілетін сақтандыру шарттары берілетін сақтандыру сыныптарын жүзеге асыруға берілетін лицензиясы бар сақ­тандырушылар туралы ақпарат көрсетіледі. 48. Уәкілетті орган консервация сатысындағы сақтандыру портфелін беру туралы шешімді келіскеннен кейін уақытша әкімшілік сақтан­дырушылардың келісімін алу мақсатында бес жұмыс күннен кешіктірмей алдағы сақтандыру портфелін беру туралы Қазақстан Республи­касының бүкіл аумағында қазақ және орыс тілдерінде таратылатын мерзімді баспасөз беттерінде қарсылықтарды беру тәртібі, мерзімі және сақтандырушылардың қарсылықтары қабыл­дана­тын мекенжайы көрсетілген хабарламаны жариялауды жүзеге асырады. Сақтандырушылар сақтандыру шартын берумен келіспеген жағдайда, жазбаша қарсылықты хабарландыру жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн ішінде бермеуі, олардың сақ­тандыру шарттарын беруге келісуі ретінде қарастырылады. 49. Консервация сатысында жұмыс істейтін уақытша әкімшілік сақтандырушылардың жазбаша түрде қарсылық беруіне арналған мерзім аяқталған күннен бастап, үш күнтізбелік күн ішінде, сақтандыру ұйымын лицензиясынан айырғанда жұмыс істейтін уақытша әкімшілік сақтандыру портфелін беруге уәкілетті органның келісімін алған күннен бастап, бес күнтізбелік күн ішінде сақтандырушыға берілетін сақтан­дыру Шарттарының тізімін құрастырады. 50. Уақытша әкімшілік жоғарыда аталған іс-шараларды жүргізгеннен кейін сақтандыру­шыларға Ереженің 52-тармағының талаптарына сәйкес қарау және бес жұмыс күнінен кешіктірмей жауапты беру мерзімімен сақтандыру портфелін қабылдау туралы ұсыныс-хат жібереді. Бұл ретте хатта берілетін сақтандыру шарт­тарының болжалды көлемі көрсетіледі. 51. Сақтандыру шарттары және сақтандыру ұйымының активтері бойынша берілетін міндеттемелер бойынша құжаттамаларды әлеуетті сақтандырушы – алушылар алғанда құпия­лы­лық­­ты сақтау және сақтандыру портфелін қабыл­дау мүмкіндігін қарауға байланысты алынған ақпаратты жария етпеу туралы келісімге (міндеттемеге) қол қояды. Әлеуетті сақтандырушы-алушының сұратуы бойынша уақытша әкімшілік заңмен қорғалатын құпиядан тұратын мәліметтерді жария етпеу туралы Қазақстан Республикасы заңнамалық актілерімен бекітілген талаптарды қадағалаумен қосымша ақпарат береді. 52. Әлеуетті сақтандырушы-алушы мынадай талаптарға сай болуы керек: сақтандыру портфеліне енгізілетін, олар бо­йынша сақтандыру шарттары берілетін сақ­тандыру сыныптарын жүзеге асыруға берілген уәкілетті органның лицензиясы болуы керек; соңғы есепті күнге және алдағы қабыл­данатын сақтандыру портфелін ескере отырып пруденциялық нормативтерді орындауы керек; өтініш беру кезінде уәкілетті орган қолданған шектеулі ықпал ету шаралары және санкциялары қолданыста болмауы керек; сақтандыру ұйымының клиенттеріне қызмет көрсетуге арналған филиалдары болуы керек. 53. Уақытша әкімшілік сақтандырушы-алу­шы­ны таңдайды. 54. Дебиторлық берешектер бойынша талап­тардың берілетін құқығының құны балансты және баланстан тыс шоттардың есепте болатын берешек сомасы ретінде анықталады. Сақтандыру портфелін беру кезінде сақтан­дыру шарттары бойынша активтердің құны мен міндеттемелердің мөлшері уақытша және сақтандырушы-алушымен келісілген беру күні есептеледі. 55. Сақтандыру портфелін беретін сақтан­дыру ұйымы және сақтандырушы – алушы арқылы жүзеге асырылған, берілетін сақтандыру портфеліне енгізілген сақтандыру шарттары бо­йынша активтер құнын және міндеттемелер көлемін есептеудегі келіспеушіліктер болған жағдайда, уақытша әкімшілік бағалаушының актуариясын қарастырады. 56. Сақтандыру портфелін беру сақтан­дырушы ұйымның сақтандырушы-алушымен жасалған шарты негізінде жүзеге асырылады. 57. Сақтандыру ұйымының уақытша әкім­шілігімен және сақтандырушы-алушының арасында қосымша мынадай мәліметтері бар қабылдау-өткізу актісі ресімделеді, онда мына­дай мәліметтер көрсетілген: 1) сақтандыру шарттары бойынша берілетін міндеттемелер көлемі, сақтандырушының тегі, аты, бар болса әкесінің аты көрсетілген сақтан­дыру шарттарының тізбесі, сақтандыру шарты жасалған күн және оның нөмірі, шарттың қол­данылу мерзімі, сақтандыру мерзімі, сақтандыру объектісі, сақтандыру сомасы және сақтандыру сыйлықақысының мөлшері; 2) атауы, инвентарлық нөмірі, баланстық (бар болса бағаланған) құны, сақтандыру ұйымының құқығын растайтын құжаттар көрсетілген сақ­тандыру ұйымының берілетін активтерінің мөлшері, тізбесі және түрлері; 3) дебиторлардың тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), атауы, дебиторлық берешектің сомасы ескерілген шоттардың нөмірі, берешектің туын­дауына негіздеме көрсетілген дебиторлық берешек бойынша талаптардың берілетін құқығының құны мен тізбесі; 4) берілетін құжаттар (шарттар, куәліктер мен басқа да құжаттар). 58. Сақтандыру ұйымының уақытша әкім­шілігі сақтандыру портфелін беру туралы шарт жасаған және қабылдау-өткізу актісіне қол қойған күннен бастап бір жұмыс күннің ішінде уәкілетті органға көрсетілген құжаттардың көшір­месін жібереді. 59. Уақытша әкімшілік сақтандырушы-алу­шымен бірге пресс-конференция жүргізеді және уәкілетті органның ресми интернет-ресурсында орналастыруға арналған пресс-релизді уәкілетті органға береді. 60. Сақтандырушы-алушы сақтандыру ұйы­мы­ның сақтандыру портфелін қабылдаған күн­нен бастап бес жұмыс күн ішінде сақтандыру ұйымының уақытша әкімшілігі сақтандыру порт­фелін беруді жүзеге асыру туралы хабар­ламаны Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында таралатын мерзімді баспасөз басы­лымдарында қазақ және орыс тілдерінде жариялайды. Хабарламада: 1) сақтандыру портфелінің берілген күні; 2) сақтандырушы-алушының атауы және бай­ланыс телефондары көрсетілген оның ор­налас­қан жері туралы ақпарат бар. 6-тарау. Сақтандыру ұйымын мәжбүрлеп таратқанда сақтандыру портфелін берудің ерекшелігі 61. Тарату комиссиясының сақтандыру ұйы­мын мәжбүрлеп тарату туралы сот шешімі заңды күшіне енген күннен бастап, мәжбүрлеп тара­тылатын сақтандыру ұйымының тарату комис­сиясы сақтандыру төлемдерін кепілдендіру жүйесіне енгізілген сақтандырудың кепілдірілген түрлері бойынша сақтандырушының келісімінсіз сақтандыру портфелін беруді толық көлемде жүзеге асырады. 62. Сақтандыру портфелін беруді сақтандыру ұйымын мәжбүрлеп тарату туралы сот шешімі заңды күшіне енген күннен бастап тоқсан күнтізбелік күн ішінде жүзеге асырады. Мәжбүрлеп таратылатын сақтандыру ұйымы­ның сақтандыру портфелін мәжбүрлеп тараты­латын сақтандыру ұйымын тарату комиссия­сымен сақтандырудың және (немесе) қайта сақтан­дырудың кепілдендірілген түрлері жө­нінде лицензиясы бар және оның (олардың) осы Ереженің 52-тармағымен бекітілген талаптарына сәйкес бір немесе бірнеше сақтандырушыға беріледі 63. Сақтандыру портфелін беру сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру ұйымын мәжбүрлеп таратқанда сақтанушыларға (сақтан­дырылғандарға, пайда алушыларға) сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруға кепілдеме беретін ұйымның есебінен жүзеге асырылады. 64. Сақтандыру портфелін беру туралы шарт мәжбүрлеп таратылатын сақтандыру ұйымының тарату комиссиясы, сақтандырушы–алушы және сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру ұйымын мәжбүрлеп таратқанда сақтанушыларға (сақтандырылғандарға, пайда алушыларға) сақтан­дыру төлемдерін жүзеге асыруға кепілдеме беретін ұйым арасында жасалады. 65. Берілетін сақтандыру портфелінің құ­рамына: 1) сақтандыру жағдайлары бойынша сақтан­дыру төлемдерін жүзеге асыру бойынша мәж­бүр­леп таратылатын сақтандыру ұйымының міндеттері басталған сақтандыру шарттары, олар­дың басталғандығы туралы мәлімделген және олар бойынша сақтандыру төлемдері жүзеге асырылмаған немесе толық көлемде жүзеге асырылмаған; 2) сақтандыру шарттары тізілімінде және (немесе) мәжбүрлеп таратылатын сақтандыру ұйы­мының деректер базасында жоқ сақтандыру шарттары; 3) тараптары сақтандырушы-алушы (сақтан­дырушы, қайта сақтанушы, қайта сақтандыру­шы) болып табылатын сақтандыру шарттары енгізілмейді. 66. Тарату комиссиясы сақтандырушы-алу­шыны таңдауды және сақтандыру портфелін беруді осы Ереженің 50, 51, 52, 53, 54, 55, 56, 57, 58, 59, 60 тармақтарында белгіленген тәртіпте жүзеге асырады. Сақтандыру ұйымын мәжбүрлеп таратқанда сақтандыру портфелін беруді жүзеге асыру туралы хабарламада осы Ереженің 60­-тармағында көзделген мәліметтерден басқа мәжбүрлеп таратылатын сақтандыру ұйымының тарату комиссиясының және сақтандыру­шылар­ға (сақтандырылғандарға, пайда алушыларға) сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруға кепілдеме беретін ұйымның байланыс телефондары көрсетілген орналасқан жері туралы ақпарат болуы керек. 67. Мәжбүрлеп таратылатын сақтандыру ұйы­мының сақтандыру портфелі берілген (қабылданған) күннен бастап қабылданған сақ­тандыру шарттары бойынша туындайтын міндеттемелерді сақтандырушы-алушы атқарады. Берілген сақтандыру шарттары онда белгіленген мерзім аяқталғанға дейін қолданыста болады. Мәжбүрлеп таратылатын сақтандыру ұйы­мының сақтанушыларымен жаңа сақтандыру шартын жасаудың немесе мәжбүрлеп тараты­латын сақтандыру ұйымының сақтанушы­лары­мен жасалған сақтандыру шартына өзгерістер енгізудің қажеті жоқ. 68. Сақтандыру ұйымын мәжбүрлеп тарату туралы сот шешімі заңды күшіне енген күннен бастап, сақтанушылардың сақтандыру төлем­дерін жүзеге асыруға кепілдеме беретін ұйым сақтандырушыға (сақтандырылғандарға, пайда алушыларға) берілетін мәжбүрлеп таратылатын сақтандыру ұйымының сақтандыру портфелін төлеу міндеттемелерін өзіне қабылдайды. Сақтандыру портфелін беру Ережесінің 1-қосымшасы Берілетін сақтандыру портфелінің құрамына енгізілетін сақтандыру шарттарының тізімі 1. Сақтандыру шартының нөмірі (сақтандыру полисі) 2. Сақтандыру шартының жасалған күні 3. Сақтандырушының атауы немесе аты, бар болса әкесінің аты 4. Сақтандыру сыныбы 5. Сақтандыру шартының күшіне енген және қолданылуының аяқталған күні 6 Сақтандыру сомасының мөлшері 7. Сақтандыру сыйлықақысының мөлшері 8. Сақтандыру сыйлықақысының мөлшері және төленген күні 9. Сақтандыру жағдайлары туралы өтініштің түскен күні 10. Сақтандыру жағдайларының басталған күні 11. Сақтандыру төлемі (төлемдері) жүргізілген күн (күндер). 12. Жүргізілген сақтандыру төлемінің (төлемдері) мөлшері (мөлшерлері). 13. Жүргізілмеген сақтандыру төлемін (төлемдерін) төлеу мерзімі 14. Жүргізілмеген сақтандыру төлемінің (төлемдерінің) мөлшері (мөлшерлері)