• RUB:
    5.37
  • USD:
    477.04
  • EUR:
    520.78
Басты сайтқа өту
23 Сәуір, 2011

Қазақстан Республикасының Заңы №429-IV

378 рет
көрсетілді

Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың арсеналдары, базалары мен қоймалары жанындағы тыйым салынған аймақтар мен тыйым салынған аудандар мәселелері бойынша толықтырулар енгізу туралы 1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне толық­ты­рулар енгізілсін: 1. 2001 жылғы 30 қаңтардағы Қа­зақ­стан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне (Қазақстан Республикасы Парла­мен­ті­нің Жаршысы, 2001 ж., №5-6, 24-құ­жат; №17-18, 241-құжат; №21-22, 281-құжат; 2002 ж., №4, 33-құжат; №17, 155-құжат; 2003 ж., №1-2, 3-құжат; №4, 25-құжат; №5, 30-құжат; №11, 56, 64, 68-құжат­тар; №14, 109-құжат; №15, 122, 139-құ­жат­тар; №18, 142-құ­жат; №21-22, 160-құ­жат; №23, 171-құ­жат; 2004 ж., №6, 42-құжат; №10, 55-құжат; №15, 86-құжат; №17, 97-құ­жат; №23, 139, 140-құжаттар; №24, 153-құжат; 2005 ж., №5, 5-құжат; №7-8, 19-құжат; №9, 26-құ­­жат; №13, 53-құ­жат; №14, 58-құ­жат; №17-18, 72-құ­жат; №21-22, 86, 87-құжаттар; №23,104-құжат; 2006 ж., №1, 5-құжат; №2, 19, 20-құжаттар; №3, 22-құжат; №5-6, 31-құжат; №8, 45-құ­жат; №10, 52-құжат; №11, 55-құжат; №12, 72, 77-құжаттар; №13, 85, 86-құ­жаттар; №15, 92, 95-құжаттар; №16, 98, 102-құ­жаттар; №23, 141-құжат; 2007 ж., №1, 4-құжат; №2, 16, 18-құжаттар; №3, 20, 23-құжаттар; №4, 28, 33-құжаттар; №5-6, 40-құжат; №9, 67-құжат; №10, 69-құжат; №12, 88-құжат; №13, 99-құ­жат; №15, 106-құжат; №16, 131-құ­жат; №17, 136, 139, 140-құжаттар; №18, 143, 144-құжаттар; №19, 146, 147-құжаттар; №20, 152-құжат; №24, 180-құжат; 2008 ж., №6-7, 27-құжат; №12, 48, 51-құ­жаттар; №13-14, 54, 57, 58-құжаттар; №15-16, 62-құжат; №20, 88-құжат; №21, 97-құжат; №23, 114-құжат; №24, 126, 128, 129-құжаттар; 2009 ж., №2-3, 7, 21-құжаттар; №9-10, 47, 48-құжаттар; №13-14, 62, 63-құжаттар; №15-16, 70, 72, 73, 74, 75,76-құжаттар; №17, 79, 80, 82-құжаттар; №18, 84, 86-құжаттар; №19, 88-құжат; №23, 97, 115, 117-құ­жаттар; №24, 121, 122, 125, 129, 130, 133, 134-құжаттар; 2010 ж., №1-2, 1, 4, 5-құжаттар; №5, 23-құжат; №7, 28, 32-құ­жаттар; №8, 41-құжат; №9, 44-құ­жат; №11, 58-құжат; №13, 67-құжат; №15, 71-құжат; №17-18, 112, 114-құ­жаттар; №20-21, 119-құжат; №22, 128, 130-құжаттар; №24, 146, 149-құжаттар; 2011 ж., №1, 2, 3, 7, 9-құжаттар; 2011 жылғы 25 қаңтарда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Респуб­ликасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық заңнаманы одан әрі ізгілендіру және қылмыстық процестегі заңдылықтың кепілдіктерін күшейту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2011 жылғы 18 қаңтардағы Қазақстан Рес­пуб­ликасының Заңы; 2011 жылғы 2 ақпанда «Егемен Қазақстан» және 2011 жылғы 29 қаңтарда «Казахстанская прав­да» газеттерінде жарияланған «Қа­зақстан Республикасының кейбір заң­на­малық актілеріне механикалық көлік құралдарын және олардың тіркемелерін міндетті техникалық байқаудан өткізу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2011 жыл­ғы 24 қаңтардағы Қазақстан Рес­пуб­ликасының Заңы; 2011 жылғы 3 ақпанда «Егемен Қазақстан» және 2011 жылғы 1 ақпанда «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақ­стан Республикасының кейбір заң­на­ма­лық актілеріне сауда қызметін реттеу мә­селелері бойынша өзгерістер мен то­лықтырулар енгізу туралы» 2011 жылғы 26 қаңтардағы Қазақстан Респуб­ли­ка­сы­ның Заңы; 2011 жылғы 8 ақпанда «Егемен Қазақстан» және 2011 жылғы 5 ақпанда «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Рес­пуб­ликасының кейбір заңнамалық актілеріне медиация мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу ту­ра­лы» 2011 жылғы 28 қаңтардағы Қа­зақстан Республикасының Заңы; 2011 жылғы 18 ақпанда «Егемен Қазақстан» және 2010 жылғы 15 ақпанда «Казахстанская правда» газеттерінде жария­лан­ған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ипоте­ка­лық кредит беру және қаржылық қыз­меттерді тұтынушылар мен инвес­тор­лардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2011 жылғы 10 ақпан­да­ғы Қазақстан Республикасының Заңы): 1) 83-баптың бірінші абзацы «шек қоюы мүмкiн шекаралық өңірлерді» деген сөздерден кейін «, Қазақстан Рес­публикасы Қарулы Күштерінің, Қа­зақ­стан Республикасының басқа да әс­кер­лері мен әскери құралымдарының ар­се­налда­ры, базалары мен қоймалары жанындағы тыйым салынған аймақ­тар­ды және Қа­зақстан Республикасы Қа­ру­лы Күш­тері­нің, Қазақстан Республика­сы­ның басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының арсеналдары, база­лары мен қоймалары жанындағы тыйым салынған аудан­дарды» деген сөздермен толықтырылсын; 2) мынадай мазмұндағы 389-1-баппен толықтырылсын: «389-1-бап. Қазақстан Республи­касы Қарулы Күштерінің, Қазақстан Рес­публикасының басқа да әскерлері мен әскери  құралымдарының арсе­нал­да­ры, базалары мен қоймалары   жа­нын­дағы тыйым салынған аймақ пен Қа­зақстан  Республикасы Қарулы Күш­терінің, Қазақстан  Республикасының басқа да әскерлері мен әскери  құра­лым­дарының арсеналдары, базалары мен қоймалары  жанындағы тыйым са­лынған аудан аумағында  белгіленген шектеулерді бұзу 1. Жеке тұлғалардың Қазақстан Рес­публикасы Қарулы Күштерінің, Қа­зақстан Республикасының басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының арсеналдары, база­лары мен қоймалары жанындағы тый­ым салынған аймақтың аумағында болуы, – айлық есептік көрсеткіштің үштен беске дейінгі мөлшерінде айыппұл са­луға әкеп соғады. 2. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, Қазақстан Республикасы­ның басқа да әскерлері мен әскери құ­ралымдарының арсеналдары, базалары мен қоймалары жанындағы тыйым салынған аймақ аумағында диверсияға қарсы және өртке қарсы қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырылатын жұмыстарды қоспағанда, құрылыс салу және қандай да бір жұмыстар жүргізу, – жеке тұлғаларға айлық есептік көрсеткіштің – бестен онға дейінгі мөл­шерінде, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кә­сіп­керлік субъектілері болып табы­ла­тын заңды тұлғаларға – оннан жиыр­маға дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға – отыздан елуге дейінгі мөл­шерінде айыппұл салуға әкеп соғады. 3. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, Қазақстан Республикасы­ның басқа да әскерлері мен әскери құ­ралымдарының арсеналдары, базалары мен қоймалары жанындағы тыйым са­лын­ған аудан аумағында атыс қаруынан оқ ату, пиротехникалық құралдарды пай­далану, сондай-ақ атыс тирлерін, стендтері мен атыс орындарын орнату, – жеке тұлғаларға айлық есептік көр­сеткіштің – бестен онға дейінгі мөл­шерінде, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кә­сіп­керлік субъектілері болып табыла­тын заңды тұлғаларға – оннан жиыр­маға дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұл­ғаларға – отыздан елуге дейінгі мөл­шерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»; 3) 541-баптың бірінші бөлігі «388,» деген цифрлардан кейін «389-1,» деген цифрлармен толықтырылсын; 4) 636-баптың бірінші бөлігі 1) тармақшасының алтыншы абзацы «512-1» деген цифрлардың алдынан «389-1,» деген цифрлармен толықтырылсын. 2. «Қазақстан Республикасының қор­ғанысы және Қарулы Күштері ту­ралы» 2005 жылғы 7 қаңтардағы Қа­зақстан Республикасының Заңына (Қа­зақ­стан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2005 ж., №1-2, 1-құжат; 2007 ж., №9, 67-құжат; 2008 ж., №6-7, 27-құжат; 2010 ж., №7, 32-құжат; №10, 48-құжат; 2011 ж., №1, 7-құжат; 2011 жылғы 11 наурызда «Егемен Қазақстан» және 2010 жылғы 12 наурызда «Казахстанская правда» газеттерінде жария­лан­ған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік мүлік мәселелері бойынша өз­ге­рістер мен толықтырулар енгізу ту­ралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Респуб­лика­­сының Заңы): 1) 1-бап мынадай мазмұндағы 19-1), 19-2) тармақшалармен толықтырылсын: «19-1) Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың арсеналдары, базалары мен қоймалары жанындағы тыйым салынған аймақ (бұ­дан әрі – тыйым салынған аймақ) – Қа­рулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың оқ-дәрі арсенал­дарының, базалары мен қоймаларының өртке қарсы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында бөлінген, Қарулы Күш­тердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың арсеналдарына, база­лары мен қоймаларына тікелей жана­сып жатқан аумақ; 19-2) Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың арсеналдары, базалары мен қоймалары жанындағы тыйым салынған аудан (бұдан әрі – тыйым салынған аудан) – Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың оқ-дәрі арсенал­дарының, базалары мен қой­ма­ларының диверсияға қарсы қауіпсіздігін қамтама­сыз ету мақсатында бөлінген аумақ;»; 2) 7-бап мынадай мазмұндағы 26-1) тармақшамен толықтырылсын: «26-1) Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың арсеналдары, базалары мен қоймалары жанындағы Тыйым салынған аймақтар мен Қарулы Күштердің, басқа да әс­керлер мен әскери құралымдардың арсеналдары, базалары мен қоймалары жанындағы тыйым салынған аудан­дарды белгілеу қағидаларын (бұдан әрі – Тыйым салын­ған аймақтар мен тыйым салынған аудан­дарды белгілеу қағидалары) бекітеді;»; 3) 23-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 10-1) тармақшамен толық­тырылсын: «10-1) Тыйым салынған аймақтар мен тыйым салынған аудандарды белгілеу қағидаларын әзірлейді;»; 4) 6-тарауда: тараудың тақырыбы «Аумақтық қор­ғаныс» деген сөздерден кейін «. Тыйым салынған аймақ пен тыйым салынған аудан» деген сөздермен толықтырылсын; мынадай мазмұндағы 31-1-баппен толықтырылсын: «31-1-бап. Тыйым салынған аймақ пен тыйым салынған аудан 1. Тыйым салынған аймақ тыйым са­лынған ауданның бір бөлігі болып табылады және Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралым­дардың оқ-дәрі арсеналдарының, база­лары мен қоймаларының өртке қарсы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақ­сатында белгіленеді. Тыйым салынған аймақ аумағында диверсияға қарсы және өртке қарсы қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақса­тында жүзеге асырылатын жұмыстарды қоспағанда, жеке адамдардың болуына, құрылыс салуға және қандай да болсын жұмыстарды жүргізуге жол берілмейді. 2. Тыйым салынған аудан Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әс­кери құралымдардың оқ-дәрі арсенал­дары­ның, базалары мен қоймаларының диверсияға қарсы қауіпсіздігін қам­тамасыз ету мақсатында белгіленеді. Тыйым салынған аудан аумағында атыс қаруының барлық түрінен оқ атуға, пиротехникалық құрылғыларды пайдалануға, сондай-ақ атыс тирлерін, стендтері мен атыс орындарын орнатуға жол берілмейді.». 2-бап. Осы Заң алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасының Президенті Н.НАЗАРБАЕВ. Астана, Ақорда, 2011 жылғы 18 сәуір. №429-IV ҚРЗ