• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
23 Сәуір, 2011

Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ: «Өзін-өзі жұмыспен қамтыған халық біздің экономиканың ең маңызды кадрлық резерві болып табылады»

470 рет
көрсетілді

«Нұр Отан» ХДП-ның Парламент Мәжілісіндегі фракция­сы­ның жанындағы Әлеуметтік кеңес «Өзін-өзі жұмыспен қам­тыған халық – Қазақстанды ин­дустриялық дамытудың кадр­лық резерві» деген тақырыпта дөңгелек үстел өткізді. Жиналысты «Нұр Отан» ХДП-ның Парламент Мәжі­лі­сіндегі фракциясы жанындағы Әлеуметтік кеңес төрайымы Айткүл Самақова жүргізіп отыр­ды. Негізгі баяндаманы Ең­бек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің орынбаса­ры Біржан Нұрымбетов жасады. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына Жол­дау­ында «Өзін-өзі жұмыспен қам­ты­ған халық – біздің эко­но­миканың ең маңызды кадрлық резерві болып табылады», дей келіп, елді ауқымды индус­трия­ландыруға әр қазақстандықтың қатысу мүмкіндігін қамтамасыз ету қажеттігін баса айтқан болатын. 2010-2014 жылдарға арнал­ған Қазақстан Республикасын үдемелі индустриялық-инно­ва­циялық дамытудың мемлекеттік бағдарламасы 161 мың тұрақты жұмыс орнын және құрылыс кезеңінде 207 мың жұмыс ор­нын құратын, жалпы сомасы 8,1 триллион теңге болатын 294 жаңа жобаны іске асыруды қа­растырады. Бағдарламада жеті басым бағыт айқындалған. Бұ­лар – АӨК, металлургия, мұнай өңдеу, энергетика, химия өнер­кәсібі мен фармацевтика, құры­лыс индустриясы, көлік және ақпараттық коммуникациялар­ды дамыту. Еңбек және халықты әлеу­меттік қорғау министрлігінің мәліметтері бойынша, үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы үшін кадр­ларға сұраныс 108 мың ма­манды құрайды. Атап айтқанда, терең бұрғылау инженерлері, мұнай мен газ операторлары, геофизиктер, энергетиктер, мон­­­тажшылар, дәнекерлеуші­лер, токарь-фрезеровщиктер, элек­тр жүйелеріне қызмет көр­сететін мамандар, компрес­сор­лық стансалар мен жер асты құ­быр­ларының және т.б. шеберлері сияқты жоғары және арнайы біліктілігі бар жұмысшылар қажет. 2010-2014 жылдары эко­но­мика­ның кадрларға жалпы сұранысы 287 мың адамды құрайды. Отырыс барысында жұмыс­қа орналастыру мен өзін өзі жұ­мыспен қамтығандардың, жұ­мыс­сыздардың және аз қам­тыл­ған тұрғындардың өмір сүру дең­гейін арттыру жолдары талқыланды. Шараға Парламент Мәжі­лі­сінің депутаттары, мемлекеттік және үкіметтік емес ұйым­дардың жетекшілері қатысты. Оты­рыстың қорытындылары бой­ынша тиісті ұсыныстар әзірленді. Сәуле ДОСЖАНОВА, журналист.