• RUB:
    5.37
  • USD:
    477.04
  • EUR:
    520.78
Басты сайтқа өту
26 Сәуір, 2011

Дәрігерлер елде жүр

372 рет
көрсетілді

Уақыт озды, заман өзгерді, өмір өсті деген осы шығар, күні кеше көпшілікке  қиялдай көрінетін істер бүгінде қалыпқы құбылысқа айна­лып жатыр. Мәселен, ауыл адам­да­ры сырқаттанып қалса, бұған дейін бір жағынан науқас  қысып, екінші жа­ғынан жол қинап еріксіз қала жа­ғалаушы еді ғой. Ал енді қара­саңыз,  жағдай керісінше. Білікті дә­рі­герлер жер-жерге оларды өздері іздеп келіп, денсаулықтарын тікелей тексереді. Бұл шара «Саламатты Қазақ­стан» бағдарламасы аясында жүр­гізілуде. Арнайы құрал-қондырғы­лар­мен жаб­дық­талған және мамандар­мен жа­сақ­талған облыстық ме­ди­ци­налық ор­та­лықтың жылжыма­лы диаг­ности­калық кешені  биыл алдымен Бұқар жырау ауданындағы Көкпекті ауы­лында бол­ды. 15 дәрі­гер таңерте­ңнен кешке дейін 500-ге жуық адамды тексеріп үл­герді. Ма­ңындағы Байқадам, Са­ры­төбе ша­ғын елді мекендерінің  тұр­ғындары да қаралды. Солардың бірі жас ана Динара Түгелбаева «Үш жасар ұлым Болсынның туғаннан жү­рек талмасы бар. Содан бері жыл са­йын Қарағандыдағы кардио­ло­гия­лық ор­талыққа  апарып, тексертіп жүре­мін. Қала ауылдан алыс. Барып қай­туға көлігіміз жоқ. Араға екі түнеп, балам да, өзім де шаршап-шалдығып қайтушы едім. Енді жа­қын жерден көрсетіп алуға  мүмкін­дік туғанына қуанып қалдым, – деп айтқанындай жергілікті жұрттың  медициналық қам­қорлықтың атал­ған түріне ризалықтары зор болып жатыр. Теміртау, Жезқазған, Балқаш қа­лалық денсаулық сақтау орын­дарында да құрылған осындай үш жылжымалы диагностикалық кешен де таяу арада  өз аймақ­тарын­дағы ауылдар арасына шыққалы отыр.  Адам денсаулығын қорғау, жақсарту мақсатындағы бұл іс-шара күзге дейін жалғасады. Айқын НЕСІПБАЙ. Қарағанды облысы.