"Қазгидромет" РМК өкілдері алдағы күндері су деңгейі көтеріліп, тасқын болады делінген аймақтарды атады.
Синоптиктердің ескертуіне қарағанда, 18-21 сәуір алығында Ақтөбе, Қостанай, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды өзендерінде су деңгейі көтеріліп, су тасуы мүмкін.
Айта кетейік, осы аталған облыстарда сәуірдің басынан бері су тасқыны болып жатыр. Жүздеген отбасы қауіпсіз жерге көшіріліп, жедел шаралар жүргізілуде.