• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
18 Сәуір, 2017

​Әлеуетті мемлекет. Ол қандай?

226 рет
көрсетілді

Қазіргі қалыптасқан жаңа әлем­нен, өркениеттер жүйесінен өзінің лай­ықты орнын алу – Қазақстан үшін күрделі де абыройлы міндет. Бұл орайда ел әлеуетін уақыт тала­бына сай арт­тырудың маңызы зор. Сондықтан да халықаралық қоғамдастықтағы бе­деліміз әлеуетті мемлекет құрып, оның тұрақты дамуын қамтамасыз ету­­мен тікелей байланысты екені үн­е­мі қаперімізде болуы керек.

Осы міндетті жүзеге асыруға бүкіл елі­міз бет бұрып отыр деуге толық не­гіз бар. Оның саяси, әлеуметтік-экономикалық бастауы, негізі және бас­ты ке­­пілі – Президент Нұрсұлтан На­зар­ба­ев­­т­ың стратегиялық бастамалары.

Кімге құқық пен билік көп берілсе, оның тарих пен ұрпақтар алдындағы жауапкершілігінің де еселеп артатыны бел­­гілі. Осынау экономикалық, те­х­но­­­логиялық және әлеуметтік мүмк­ін­дік­­тері мол һәм өзгермелі, күрделі де тай­­таласты жаңа әлемде бүкіл билік ин­ституттарының аса абыройлы міндеті – ұлт мүддесі үшін күрескен Ахмет Бай­тұр­сыновтың сөзімен айтқанда, Қазақ елін «олжалы жерде үлестен, ордалы жер­де орыннан, жоралы жерде жолдан» қал­дырмау.

Әлемдік, әсіресе, америкалық (со­ның ішінде, Гарвард университетінің оқы­мыс­тылары) жаһантанушы ғалымдар қазіргі заманғы ұлттық мемлекеттер рө­лінің, тіпті мемлекет егемендігінің өзі­­­нің маңызды еместігін олардың өз функцияларының бір бөлігін ха­лық­ара­лық әлеуетті ұйымдар мен алпауыт тран­с­-ұ­лттық компанияларға беруі туралы сыр­ттай түсінікті, халықаралық ахуалға н­е­гіздеп, дәлелді ғылыми қисындар, па­ра­дигмалар құрса да ол біздің ұлттық мүддемізге сай келмейтінін ашық айту парыз. Біздің жол, қазақ ұлтының терең, қасиетті де айнымас, ұзақ мерзімдік мү­ддесі – мемлекеттің тәуелсіздігін нығ­а­й­ту, егемендікті тұрақты түрде бекемдеу. Біз­д­е басқа жол, басқа таңдау жоқ! 

Мемлекеттілікті нығайтуға аса қа­жет­ті реформаларды жүзеге асырудың бас­ты, бүкіл әлемдік тәжірибесі көрсеткендей, сыннан өткен құралы – әлеу­етті мемлекет. Ал ол қандай мемле­кет? Әлеуетті мемлекетте ең алдымен, басқа­рудың тегеурінді, берік, сын­дарл­ы, ық­шам жүйесі болуы тиіс. Бұл де­ген сөз – мемлекеттің қолында жет­кі­­лікті материалдық-қаржылық, әкім­ші­­лік, ұйымдық, адами, ақпараттық, коммуникативтік, техникалық-технология­лық, тағы басқа да ресурстар болуы – қажетті шарт.

Дәл осы ресурстар мемлекеттің сын­дарлы, жан-жақты ойластырылған, ғы­лыми негізделген саяси бағытты тұжырымдап, оны үнемі табанды да тұ­рақты жүзеге асыруына, тиімді бас­қаруға, аса күрделі қоғамдық қа­тнастарды бүкіл ауқымымен, күрделі проб­лемаларымен ұлттың мүддесі үшін рет­теп, тиісті әкімшілік шешімдер қа­былдауға, заңнамалық реттеуге мүм­кін­дік береді. Әлеуетті мемлекеттің өз функцияларын толыққанды жүзеге асы­руы үшін материалдық-қаржылық ре­сурстардың маңызы айрықша. Қай кезеңде де, әсіресе, қазіргі нарықтық қа­тынастарға және оның идеологиясы­на сәйкес мемлекет саяси билікпен қо­са, өз қолында экономикалық билікті шо­ғырландыруы керек. Онсыз саяси би­лік­ті қолда ұстап тұру қиынға соғады. «Егер мемлекет жеке кәсіпорындардан жо­ғары, үстем тұрмаса, – деп жазды ағыл­шындық көрнекті философ, матема­тик және қоғам қайраткері Б.Рассел, – он­да ол олардың қолындағы марионетка (қу­ыршақ) болып, олар (кәсіпорындар) нақ­ты мемлекетке айналады».

Сондықтан, мемлекет ірі меншік иесі, өндірістік құрал-жабдықтардың үл­кен бөлігінің қожасы болуы керек. Әри­не, әлеуетті мемлекет түсінігі мұ­ны­мен шектелмейді. Оған билік ресу­рстарынан басқа даму ресурстары, руха­ни мүмкіндіктер мейлінше қажет. Ол елдің бүкіл халқын, оның барлық әлеу­меттік таптарын, жіктерін, топта­рын, қажет болса, жекелеген аза­мат­тар­ды қоғамдық маңызды проблема­лар­ды шешуге белсенді де саналы қа­ты­суға ұйымдастыра білуі тиіс. Билік ха­лықтың қолдауы мен пікіріне, нақты жасампаздық іс-әрекетіне сүйенгені жөн. Халықтың басым көпшілігі мем­ле­кеттік билеуші элитаның ше­шім­де­рін қолдап, оларды қабылдап, жү­зеге асы­рып отырған саясаттың заң­ды­лы­ғына (легитимділігіне), әділдігі мен дұ­рыс­тығына, иланған, көзі жеткен бо­луы ке­рек. Ол үшін билік көпшіліктің са­на­сына, ақылына ықпал етудің әр­түр­лі те­тіктерін шебер меңгеруі де күн тәр­­ті­бінде тұр.

Әлеуетті мемлекеттің күші – оның тәу­елсіздігінен, шешімдерді дербес қа­был­дап, оларды өзінің ұлттық мүд­де­сі тұрғысынан жүзеге асыруынан кө­рінеді. Әлеуетті мемлекет, ең алдымен, қоғамдық тұрақтылық пен мемле­кет егемендігін қамтамасыз етіп, қо­ғам дамуының іргелі құндылықтарын ны­ғайтады, әлемнің басқа елдерімен ұлт­тық және халықаралық қауіпсіздік үшін әріптестікке бара отырып, өзінің ұс­танымдарын күн тәртібіне шығара ала­ды. Бұл айтылғандардың барлығы Қазақстанның бүгінгі сыртқы және ішкі сая­сатындағы іс-қимылдарынан анық көрінеді.

Нәубат ҚАЛИЕВ,

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің 

профессоры, саяси ғылымдар докторы