• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Аймақтар 20 Сәуір, 2017

Ахуал алаңдатарлықтай емес

211 рет
көрсетілді

Семей қаласының көшелері көлкіген суға толып, күрт еріген қар суы даңғыл жолдармен қатар, қала шетіндегі жер үйлердің ішіне де кіріп кеткен еді. Қазіргі уақытта жағдай қалпына келді. «Облшығысжол» мекемесі мамандарының айтуынша, тек «Семей – Курчатов» тас жолының 4-130 шақырымы арасында ғана көлік қозғалысына шектеу қойылыпты.

Семейдің Жиенәлі ауылдық округіне қарасты 43-ші шақы­ры­мында еріген қар суы тас жол­дың астындағы су өтетін өт­келді бұзып кеткен. Жол да әрі-бері жүруге жарамсыз болып тұр. Қазір оқиға орнында қалпына келтіру жұмыстары атқарылып жатыр. Семейдің Затон бөлігіндегі кептелген мұздардың бөлігі Ертіс бойымен Шығыс Қазақстаннан сыртқары ағып кеткендіктен, қазірде қауіп сейілді. Семейге іргелес Бесқарағай ауданына қарасты бірнеше ауыл дәл осы Ертіс жағасында орналасқан.

Бұл тұста еріген қар суы мен үсті-үстіне құйыла жауған жаң­­быр аудан маңындағы екі ша­ғын өзенді және жерасты суларын та­сытып жіберді. Соған орай, ау­ыл­да 9 үй, 10 аулаға су кіріп, 20 адам құтқарылды. Аудан әкімі­нің міндетін атқарушы Ер­болат Рахметуллиннің айту­ын­ша бүгінде жедел штаб құ­рылып, олар күндіз-түні жұмыстар атқаруда. Қосымша 40-50 адам көмекке келіп, 8 техника жұмылдырылып, су басқан жерлер тазартылған. Қау­іпті тұстарға 6 мың тонна инертті ма­териалдар төгіліпті. Әзір­ге тәу­лік бойы жүргізіліп жат­­қан жұ­мыс­тар мен сақтық ша­ра­­ларына орай Бірлік, Жетіжар ауылдары су тасқынынан аман.

Ертістің жағасындағы 500 тұрғыны бар Кривинка ауылын тасқыннан сақтап қалу үшін өзеннің мұзын жару жұмыстары шұғыл түрде қолға алынды. Семейдегі Төтенше жағ­дай­лар басқармасы мен «Шы­ғыс­­жа­ры­лысөнеркәсіп» ме­­­ке­ме­ле­рі­нен келген 16 маман 600 кило­грам­нан астам жарылғыш затты қа­лыңдығы 60 сантиметрлік мұзға қой­ыпты. Ал 130 үйге ескерту па­­рақшалары таратылған.

Ертіс бойында жағдай әзірше бірқалыпты.

Раушан НҰҒМАНБЕКОВА, 

журналист

СЕМЕЙ

Соңғы жаңалықтар