• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Қазақстан 20 Сәуір, 2017

Астана әуежайы ұшу кестесін уақытша өзгертеді

420 рет
көрсетілді

​Астанада ҚР Қарулы күштерінің құрылғанына 25 жыл толуына орай әскери шеру өтеді. Аталған шараға дайындық барысында және оны өткізу кезінде әуе кеңістігі пайдаланылады. Осыған орай, Астана әуежайы ұшу кестесін уақытша өзгертеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Атап айтқанда 21, 25, 26 сәуірде жергілікті уақыт бойынша сағат 09.20-ден 13.00-ге дейін, 28, 29 сәуір және 02,03,04 мамырда сағат 10.00-ден 13.00-ге дейін, сондай-ақ шеруді өткізу кезінде, 07 мамыр күні сағат 10.00-ден 13.00-ге дейін Астана әуежайы әуе тасымалын тоқтатады», – делінген баспасөз баянында. 

Бұдан бөлек, шерудің әуе бөлігіндегі жаттығулар уақытының өзгеруіне немесе жағымсыз метеожағдайларға, басқа да себептерге байланысты 24, 27, 30 сәуірде және 06 мамырда резервті күндер енгізілуі мүмкін.  

Соңғы жаңалықтар