• RUB:
    5.37
  • USD:
    477.04
  • EUR:
    520.78
Басты сайтқа өту
30 Сәуір, 2011

Құрметті отандастар!

357 рет
көрсетілді

Қазақстан халқы Ассамблеясы сіздерді ырыс пен ынтымақтың, бейбітшілік пен келісімнің мерекесі – Қазақстан халқының бірлігі күнімен құттықтайды! Тәуелсіздіктің алғашқы күн­де­­рі­нен бастап елді тұрақ­тылық пен бейбіт дамуға бастаған ха­лық­тың кеңдігі мен Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың ке­мең­гер саясаты елімізде этностық ерекшелігіне, әлеу­мет­тік, діни және өзге де шығу тегіне қарамастан, жас мем­лекеттің барша азаматтарының ұйысуына негіз болды. Бабалар арманы шындыққа айналып, тұғырлы Тәуел­сіз­дікке қол жеткіздік. Ел бірлігін ту етіп,  елімізде сантүрлі этностың баласы бір шаңырақ астында тату-тәтті өмір сүруде. Бүгінде Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесі бейбіт өмір мен ынтымақта тұрмыс кешіп отырған ел тұрғындары үшін ыстық ықылас пен достық ниеттің дәс­түріне, жарқын болашаққа деген сенімнің бас­тауы­на  және көпшіліктің асыға күтер шаттық мейрамына ай­­налды. Бұл күн – әрбір Қазақстан азаматы үшін Отанға деген сүйіспеншілік сезімнің, азаматтық борыш пен жалпыұлттық келісімнің мерекесі. Халық бірлігі мерекесі күні ел азаматтары ұлт пен ұлыстың өткен ке­зең­дегі тарихы мен оның сабақтарын дәріптеп, әлем­дік қоғамдастық тарапынан мойындалған еліміздегі қоғамдық келісім мен этносаралық толеранттылықты паш етеді. Дана халқымыз «Көптің қолы біріксе, көкке жетеді» деп тегін айтпаған. Қазақстанның басты жетістігіне айналған қоғамдық келісім елдің нәтижелі әлеуметтік-экономикалық, қоғамдық-саяси дамуының кепіліне және негізіне айналды. Таяуда елімізде өткен кезектен тыс президенттік сайлау ел бірлігін көрсетіп, ұлысты ұйыстыра түсті. Халқымыздың әлем алдындағы абыройын тағы бір асқақтатып өтті. Үстіміздегі жылы еліміз Тәуелсіздігінің 20 жылдығын атап өтуде. Бұл айшықты кезең біздің сара жол таңдап, берік берекенің белесіне беттегенімізді дәлелдеп берді. Әрбір азаматын бауыр еті баласындай бауырына басқан ыстық Отанымыздың өркендеуіне жол ашты. Халқы­мыз­дың атын әлемге әйгілеп, мәртебесін өсірді. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқы Ассам­блеясының ХVII сессиясында сөйлеген сөзінде: «Қазақ­­стан­ды, қазақты достықтың киелі шаңы­ра­ғына те­ңе­сек, түрлі этностар оның алтын арайлы уықтары іспетті», деп көрсетті. Сондай-ақ өз сөзінде: «Тату елге тыныштық орнайды, бейбіт елде ғана береке болады», деп атап өтті. Барша этнос бір атаның баласындай бейбіт тұрып жатқан байтақ даланың дархан мінезді ұлдарының Береке мен  Бірлікті  егіз ұғымдар деп түсінуі елдің болашағын айқындап тұр. Құрметті отандастар! Баршаңызды бейбіт күннің мерекесі – Бірлік күнімен құттықтаймыз! Тәуелсіздігіміз баянды, мемлекеттігіміз мәңгі, еңселі еліміздің келешегі жарқын болсын! Қазақстан халқы Ассамблеясының Кеңесі. Астана қаласы, 2011 жыл.