• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Президент 27 Сәуір, 2017

Қазақстанның Сингапурдағы Елшісі Елбасы мақаласын талқылау-лекциясын өткізді

284 рет
көрсетілді

2017 жылдың 25 сәуірінде Сингапурда Раджаратнам Наньян технологиялық университетінің Халықаралық зерттеулер мектебінде (RSIS) Қазақстанның Сингапурдағы Елшісі Үсен Сүйлейменнің RSIS магистрлері мен докторанттарына және академиялық топтар өкілдеріне арналған Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласының негізгі ережелері, сондай-ақ Қазақстандағы конституциялық реформалар мен Үшінші жаңғырудың басымдықтары туралы лекциясы өтті.

Үсен Сүлеймен Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылында ауқымды қажырлы жұмыс жасалғанын, соның арқасында ел әлемнің 50 дамыған елінің қатарына қосылғанын атап өтті. Ол аудиторияға «Қазақстан 2050» Стратегиясының негізгі аспектілері, сондай-ақ елдің әлімнің 30 дамыған елінің қатарына қосылуын көздейтін жүзеге асырылып жатқан конституциялық реформалар және Қазақстанның Үшінші жаңғыруы туралы мәлімет берді. Қазақстан Президентінің бағдарламалық мақаласына сәйкес аталған «ауқымды өзгерістер озық рухани жаңғырумен сүйемелденуі тиіс. Оған қоса, ең маңыздысы рухани жаңғыру саяси және экономикалық жаңғыруды толықтырып қанай қоймай, оның өзегі болмақ».

Соңғы жаңалықтар