Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Біріккен Корольдігінің Патшайымы ІІ Елизаветаға оның туған күніне байланысты және Уэльс Ханзадасы Уильям мен Кэтрин Миддлтонның некелесу рәсіміне орай құттықтау жеделхаттарын жолдады, деп хабарлады Қазақстан Республикасы Президентінің баспасөз қызметі.
Қазақстан Президенті ІІ Елизаветаға – мықты денсаулық пен отбасылық бақыт, жас жұбайларға – махаббат және татулық пен өзара сыйластық, ал достас Ұлыбритания халқына береке-бірлік тіледі.