• RUB:
    5.37
  • USD:
    477.04
  • EUR:
    520.78
Басты сайтқа өту
30 Сәуір, 2011

Кенді алтай 100 миллион теңге аударды

609 рет
көрсетілді

Кеше, яғни 1 мамыр мерекесі қарсаңында Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының кезектен тыс сессиясы болып өтті. Онда облыстық мәслихаттың хатшысы В.Ахаев, халық қа­лаулыларына  Батыс Қазақстан облысындағы тасқын судан зардап шеккен ағайындарға көмек көрсету жөнінде ұсыныс берді. Мәслихат депутаттары кенді­алтай­лықтар өткен жылы тас­қын судан зардап шеккен кезде еліміздің барлық облыстарынан қаржылай көмек келгенін айтып, сын сәтте үнсіз қалудың  жөн еместігін көлденең тартты. Сонымен, мәслихат сессиясы шешімімен облыс оралдықтарға 100 миллион теңге қаржы ауда­ратын болды. Міне, мұны нағыз ел бірлігі мен тұтастығының жар­қын мысалы деп қабылдаған жөн. Оңдасын ЕЛУБАЙ. Өскемен.