• RUB:
    5.37
  • USD:
    477.04
  • EUR:
    520.78
Басты сайтқа өту
04 Мамыр, 2011

Парламентаралық байланыстар сөз болды

353 рет
көрсетілді

Кеше Парламент Мәжілісі Төр­ағасының орынбасары Жә­ні­бек Кәрібжанов Француз Рес­пуб­ликасы Ұлттық Ассамблея­сы­ның депутаты Тьерри Ма­рья­нимен кездесті, деп хабар­лады осы палатаның баспасөз қызметі. Кездесуде парламентаралық ын­­ты­­мақтастықтың бүгінгі жетістіктері және келешекте оның аясын кеңейту мәселелері сөз болды. Жүздесуге Қазақстан тарапы­нан Парламент Мәжілісінің Ха­лық­аралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік коми­тетінің мүшесі, «Қазақстан-Франция» ынтымақ­тас­тық тобы жетекшісінің орын­басары Қабиболла Жақыпов, «Қаз­автодор» РМК-нің бас директоры Мереке Пішембаев, Қазақстан Рес­пуб­ли­ка­сының Француз Республикасын­дағы Төтенше және өкілетті eлшісі Нұр­лан Дәненов және Франция та­рапы­нан Француз Республи­ка­сы­ның Қазақ­стан Рес­публикасындағы Төтенше және өкілетті eлшісі Жан-Шарль Бертонэ мен басқа ресми адамдар қатысты.