• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
04 Мамыр, 2011

Маңызды мәселелер қозғалды

349 рет
көрсетілді

Кеше Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Ержан Қазыханов елордада өтіп жатқан VI Астана эко­номикалық форумына қатысуға келген БҰҰ Бас хат­шы­сы­ның орынбасары, Еуропалық экономикалық комиссияның атқарушы хатшысы Ян Кубишпен және БҰҰ азық-түлік ұйы­мының бас директоры Жак Диуфпен кездесті. Кездесу барысында екі жақты ынтымақтастық мәселелері тал­қы­ланды. Соның ішінде энер­ге­тика, көлік инфрақұрылымы, сауда және қоршаған ортаны қорғау мәселелері кездесудің маңызды түйініне айналды. Екіжақты ын­тымақтастықтың ілгері дамып келе жатқандығын сөз ете отырып, Е.Қазыханов Қазақстанның ЕЭК-тің арнайы комитеттерімен ара­да­ғы барыс-келісті кеңейтуге және өзара қарым-қатынас жасау­да­ғы жаңа бағыттар қалыптас­тыру мен тиісті тың үлгілерді жа­сауға мүдделі екендігін жеткізді. Кездесу кезінде Арал эколо­гиясы, ауыл шаруашылығында су ресурсының жетіспеушілігі, су мәселесін реттеуде Орталық Азия­ның барлық респуб­ли­ка­ларына оның тиімді тәсілін табу сияқты аймақтық мәселелерді шешуде қолдау көрсету аса ма­ңызды болып табылатындығы атап көрсетілді. Энергетика сала­сындағы ынтымақтастық та әңгіме өзегіне айналды. Кездесу шеңберінде үстіміз­дегі жылдың күзінде Астанада өтетін «Еуропадағы қоршаған орта» атты 7-ші министрлер кон­фе­ренциясына дайындық жұмыс­тары қарастырылды. Я.Кубиш журналистерге берген сұх­батын­да аталған конференцияның мақ­сатына кеңінен тоқталды. Оның айтуынша, ЕЭК қызметін ке­ңейту және Еуразия континентіндегі қоршаған ортаны, сондай-ақ азиялық және еуропалық инте­гра­цияның экологиялық бағдар­ла­маларын тұрақты жақсарту өте маңызды болып табылады. Ал БҰҰ азық-түлік ұйымы­ның бас директоры Жак Диуфпен болған кездесуде экономикалық өсу, әлеуметтік даму, қоршаған орта­ны қорғау және оның ара­сындағы қолайлы балансты қам­та­масыз ету мәселелері тал­қы­ланды. Қазақстан тұрақты дамуды қам­тамасыз ету үшін жүйелі қа­дамдар жасап отыр. Атап айт­қанда, Қазақстан Респуб­ли­ка­сы­ның 2007-2024 жылдарға ар­налған тұрақты дамуы тұжы­рымдамасы қабылданған. Мұн­дай тұжырымдаманың мақсаты – алдағы уақытта Қазақстан эко­номикасының дамуын қам­та­ма­сыз ету, деп мәлімдеді Е.Қа­зы­ханов. Сыртқы істер министрі Қа­зақстанның Тәжікстан, Пәкстан, Қырғызстан, Ауғанстан сияқты мемлекеттерге гуманитарлық көмек көрсете отырып, әлемдік рынокта өзін астық жеткізуден ірі қамтамасыз етуші ел ретінде танытқандығын айтты. Сонымен қатар, өндіріс көлемін одан әрі қарай ұлғайтуда еліміздің аграр­лық секторында үлкен әлеует бар екендігін атап көрсетті. Арай ҮЙРЕНІШБЕКҚЫЗЫ.