• RUB:
    5.37
  • USD:
    477.04
  • EUR:
    520.78
Басты сайтқа өту
04 Мамыр, 2011

Тәуелсіздік – бабалардың аңсап өткен мұраты

542 рет
көрсетілді

Қалай келдік бұл жерге, Қалай жеттік бұл күнге, Қазақ елі жұмаққа мекен деуге мүмкін бе?! Қазақ елі тозақтың шегі деуге бола ма, Сөйле, сөйле, ендеше, қызыл тілім, іркілме!   Ата жауды қашырған, Баба даңқын асырған, Қас дұшпаным бас ұрған күндер өтті басымнан, Қарсы алдымнан жел тұрып, қалдым қазір ентігіп, Асамын деп келгенде жиырмасыншы  ға­сыр­дан.   Не жетеді жалғанда дүния сырын білгенге, Жұлдыздарға көз тіктім сүттей жарық түндерде. Шымылдығым құрулы, туырлығым түрулі, Өткен күннен белгі боп жетті біздің күндерге.   Өткен күннен белгі көп, ана тілім – қазынам, Сені жұтсам балдайын, сырқатымнан жазы­лам. Жақсы сөзді сондықтан жатпай-тұрмай іздеймін, Бал арасы секілді өмірімнің жазынан.   Сырт айналып бір күнде дос-жарандар ұғыс­қан, Күндер жетті суысқан, қайыр кетті туыстан, Ұмыт қалып өсиет, жиылды да қасірет, Сүтпен сіңген қасиет шығып кетті уыс­тан.   Әке тілін ұл алмай, шеше тілін қыз алмай, Баламызбен тілдестік өзге тілде қызар­май, Енді отырмыз өзіміз тастай қылып қ­а­тыр­ған Көбе-қарды сөге алмай, қалың мұзды бұза алмай.   Жолбарыстай қайратты, арыстандай айбатты Ерлерімді ездер кеп абақтыға айдатты. Арып-ашқан халыққа нәр беретін жан қалмай, Піскен сүттің бетінен қалқып алды қаймақты.   Енді көрсем ең алып бәйтеректер сыр тұнған, Бұтақтары тоналып, тамырлары қыр­қыл­ған, Күнім туды десем де, жалбаңдаған жымысқы ой «Аман жүр деп бұл неге?» – абалайды сыртымнан.   Жалған сырын білсе де, көкірегінде мың арман, Өзін ұқпай жүрсе де, өзгелерді ұға алған, Көрген өмір азабын бала мінез қазағым Жыланды да үйге енген айран құйып шы­ғар­ған.   Сөйтіп жүріп қазақтың маңдайынан күн туды, Одақ деген олақтың тар астары жыртылды. Көрсете алмай қарсылық жатқан шалғын жан­шы­лып Бойын тіктеп, қайтадан тіршілікке ұмтылды.   Қайта көктеп, көгеріп, жапырақ жайып тіліміз, Тереземіз теңеліп, көкке жетті үніміз, Жалпақ жатқан жалғанды көктей өткен тіріміз, Көп халықтың піріміз, аз халықтың біріміз.   Билеп-төстеп жүргеннің сыпырылды пердесі, Дөңгеленген жерде осы тоқтамасын ел көші. Қайта айналып қазығын оралғанда қазынам, Шашу болып шашылды қазағымның теңгесі.   Тәуелсіздік Алматының алмасы емес топ еткен, Мата да емес артылған соң кесіп берген етектен. Тар жол, тайғақ асуларда жүрген ізін мұз еткен, Жалғызаяқ талай соқпақ жолаушыны жүдет­кен, Тәуелсіздік бабамыздың аңсап өткен мұраты, Қатал қыста, сары аязда табанынан сыз өткен. Тәуелсіздік – тамаша сөз жарып шыққан жү­рек­тен.   Есім хан мен Қасым ханның ескі, қасқа жол­дары, Абылай мен Кене ханның жер қайысқан қолдары. Шәкәрімнің торығуы, Құрманғазы арманы, Махамбеттің бұлқынуы жаралы аңдай тор­дағы, Мұның бәрі үлкен іске дайындықтай алдағы, Тәуелсіздік асуының батпан-батпан салмағы, Тәуелсіздік – еркін елдің тастай берік қор­ғаны!   Таудай талап, қайрат қылған кісі болса тыр­банар, Тәуелсіздік – қайнар көзі жаңа ашылған жыл­ғалар. Елдің жүзі тәуелсіздік сәулесімен нұрланар, Көздің жасы қарияның жанарынан сырғанар, Желі үдеген Желтоқсанда айбар берген тұл­ғалар, Бір жұтым су, іздеп келген кісі болса, бір қа­нар, Тәуелсіздік! Бұл мәңгілік тақырып қой жырланар! Ақылбек ШАЯХМЕТ.