Кеше Астанада 2011 жылдың жазында болатын Ислам Конференциясы Ұйымы Сыртқы істер министрлері кеңесінің 38-ші сессиясында Қазақстан төрағалығы логотипінің тұсауы кесілді.
Логотип алтын күн мен қыранның бейнелері келтірілген көгілдір шеңбер түрінде. Жоғарғы шеттерінде 38th Session of the OIC Council of Foreign Ministers, ал төменгісінде Astana Kazakhstan. June 28-30, 2011 деген мәтін келтірілген. Қазақстан төрағалығының ұраны («Бейбітшілік, ынтымақтастық және даму») Ұйымның үш ресми тілінде (ағылшын, француз, араб) жасыл түспен логотипті айнала жазылған. Сондай-ақ логотиптің сырты еліміздің мәдениеті мен дәстүрін нышандайтын қазақтың ою-өрнегімен әшекейленген. Көгілдір және алтын түстер, сонымен қатар, күн мен қыран бейнелері Қазақстанның Мемлекеттік туының түстері мен символдары ретінде Ислам Конференциясы Ұйымының Сыртқы істер министрлері кеңесінің 38-ші сессиясының Қазақстанда өтетініне сілтесе, жасыл түс алдағы болатын шараның мұсылман әлемімен байланысын аңғартады.