• RUB:
    5.37
  • USD:
    477.04
  • EUR:
    520.78
Басты сайтқа өту
04 Мамыр, 2011

Спорт кешені салынады

336 рет
көрсетілді

Облыс спортшыларының жақсы жетістіктері көп-ақ. Қысқы VІІ Азия ойын­дарында  спорттық бағдарлаудан Аслан Тоқбаев алтыннан алқа тақса, конькиші  Дмитрий Бабенко өз қоржынын екі күміс және осынша қола медальмен тол­тырды. Оқушылардың құрама ко­ман­дасы республикалық қысқы  V спартакиадада жүлделі 3-ші орынды иеленді. Өңір басшысы Серік Біләлов  Қызылжар өңірінің үздік спортшылары және жаттықтырушыларымен кездесуде 15 спортшы әкім тағайындаған стипендия алатынын, былтыр 7 адамға пәтер берілгенін айта келіп, марапаттау рә­сі­мін жалғастырды. А.Тоқбаевқа жайлы пә­тердің сертификаты, Д.Бабенкоға ақ­шалай сыйлық табыс етілді. «Ақша қар – 2011» облыстық спартакиадасының жеңімпаздары  арнайы кубокқа ие бол­ды. Бір топ бапкер дипломдармен ма­ра­патталды. Жиынға қатысқан Білім және ғылым министрлігі денешынықтыру ғылыми-практикалық орталығы директорының орынбасары Бауыржан Рамазанов ауыл спортын дамытуға қосқан зор үлесі үшін Қазақстанның Еңбек Ері Геннадий Зенченкоға, облыс әкімінің орынбасары Айдарбек Сапаровқа, аудан әкімдері Марат Тасмағанбетовке, Владимир Бу­бен­коға, Рүстем Елубаевқа орталықтың кеуде белгілерін  тапсырды. Серік Сұлтанғазыұлы өз сөзінде 2011-2012 жылдары 2,5 миллиард тең­геге спорт кешені салынатынын, жоба­лық-сметалық құжаттарын дайындауға 30 миллион теңге бөлінгенін жеткізді. Өмір ЕСҚАЛИ.