• RUB:
    5.05
  • USD:
    522.91
  • EUR:
    548.85
Басты сайтқа өту
04 Мамыр, 2011

Сенат бюросының отырысы өтті

265 рет
көрсетілді

Кеше Қайрат Мәмидің төр­ағалық етуімен болған Сенат бюросының отырысында Пар­ламент Мәжілісінде ма­құл­дан­ған заң жобалары палата комитеттеріне бөлініп берілді, деп хабарлады Сенаттың баспасөз қызметі. Атап айтқанда, «Қазақстан Рес­­­публикасының кейбір заңна­ма­лық актілеріне электронды ақша мә­селелері бойынша өз­ге­ріс пен толықтырулар енгізу ту­ралы» заң жобасын Қаржы және бюджет комитеті зерделейтін болды. Ал «Ұжымдық қауіпсіздік ту­ралы шарт ұйымына мүше мем­ле­кеттердің құқық қорғау орган­дары мен арнайы қызметтерін жарақ­тандыру үшін арнайы техника мен арнайы құралдарды жеткізудің же­ңілдікті шарттары туралы келісімді ратификациялау туралы» заң жобасы Ха­лықара­лық қатынастар, қорға­ныс және қауіпсіздік комитетіне берілді. Бюро отырысында сонымен бірге палатаның 5 мамырда бола­тын кезекті жалпы оты­рысының күн тәртібі туралы ко­митеттердің ұсыныстары қа­рал­ды.