• RUB:
    5.27
  • USD:
    479.38
  • EUR:
    531.63
Басты сайтқа өту
05 Мамыр, 2011

Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің бұйрығы №51

330 рет
көрсетілді

2011 жылғы 28 ақпан               №51              Астана қаласы «Тауардың шығу тегі туралы сертификаттар бланкілерінің нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 21 мамырдағы № 83 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы «Сауда-өнеркәсіп палаталары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 19-бабы 2-тармағының 9) тармақшасына сәйкес бұйырамын: 1. «Тауардың шығу тегі туралы сертификаттар бланкілерінің нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрі міндетін атқарушының 2010 жылғы 21 мамырдағы № 83 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізіліміне № 6310 болып енгізілді, 2011 жылғы 28 қаңтардағы №27-28 (26430) «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін: көрсетілген бұйрыққа 1- қосымшада: 1-бағанда «Жөнелтушi/экспорттаушы» деген сөздер «Жүк жөнелтушi/экспорттаушы» деген сөздермен ауыстырылсын; 2-бағанда «Алушы/импорттаушы» деген сөздер «Жүк алушы/импорттаушы» деген сөздермен ауыстырылсын; 9-бағанда «Шығару өлшемдері» деген сөздер «Шығу тегiнiң өлшемдерi» деген сөздермен ауыстырылсын; 10-бағанда «Салмағы (кг, ыдыс, таза)» деген сөздер «Тауар саны» деген сөздермен ауыстырылсын. тауардың шығуы туралы сертификаттың қосымша парағында: 9-бағанда «Шығару өлшемдері» деген сөздер «Шығу тегiнiң өлшемдерi» деген сөздермен ауыстырылсын; 10-бағанда «Салмағы (кг, ыдыс, таза)» деген сөздер «Тауар саны» деген сөздермен ауыстырылсын. 2. Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті заңнамада белгіленген тәртіпте: 1) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін; 2) мемлекеттік тіркеуден кейін бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар вице-министрі Н.Қ.Әбдібековке жүктелсін. 4. Осы бұйрық бірінші ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Орынбасары – Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрі       Ә.ИСЕКЕШЕВ.