• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
05 Мамыр, 2011

Жаттығулар мәресіне жетті

425 рет
көрсетілді

Үш жылда бір рет АҚШ-тың біріккен күштері бас­шылығының сүйемелдеуімен «Бейбітшілік үшін серіктестік» шеңберінде компьютермен өт­кізілетін «Викинг-2011» ко­ман­далық-штабтық жаттығуы аяқ­талды. Оны 1998 жылдан бері Швеция Корольдігінің қарулы күштері жүзеге асырып келеді. Оған Қа­зақ­стан ар­мия­сы­ның ә­скери қыз­метшілері қатысты. «Қаз­бат» бітімгерлік батальо­ны­нан барған 10 сардар Авс­трия­ның көпұлтты бригадасының құрамында Армения, Германия, Швеция, Финляндия, Ирландия және АҚШ әскери қызметкер­лерімен өзара іс-қимыл жасады. Жаттығудың негізгі мақсаты бейбітшілікті қолдау және дағ­дарысты жағдайға полиция мен жергілікті тұрғындардың көз­қарасы жөніндегі операцияның элементтерін пысықтау болып табылды. Жаттығуға НАТО-ға мүше мемлекеттер мен оның серіктестері болып табылатын 24 елден барлығы 2200 әскери қызметкер қатысты. Көпұлтты бригада деңгейіндегі Австрия, Германия, Грузия, Ирландия және Украинаның штабтары қыз­мет етті. АҚШ-тың біріккен күш­тері мен Швеция және Австрия басшылығы Қазақстан армиясы әскери қызметшілері әзірлігінің жоғары деңгейде екендігін айтып, оң баға­ларын берді. «Егемен-ақпарат».