• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
05 Мамыр, 2011

Бас жүлдемен оралды

474 рет
көрсетілді

Жуырда елордалық 12 жасар пианист Әбдіахмет Оразбақов Парижде өткен жас музы­кант­тар­дың ХХІІ халықаралық   бай­­қауында бас жүлдені жеңіп алды. Байқауда пианистерден бө­лек альт, скрипка, виолончель және басқа да аталымдар бой­ынша әлемнің 30 мемлекетінен келген 6-26 жас аралы­ғын­дағы үміткерлер бақтарын сынады. Атап айту керек, біздің му­зы­канттың әлемнің түпкір-түп­кі­­рінен іріктеліп келген 122 та­лапкердің арасынан мойны озық шықты. Ол Григ пен Слонимскийдің шығармаларын орындап, залда отырған кәсіби музыканттар мен қазылар алқасының қошеметіне ие болды. Пианистердің шеберлігін әр­түр­лі мемлекеттерден келген 30-дан астам  музыканттар баға­ла­ды. Бас жүлде отандық жас пианисімізге бұйырса, бірінші орын­ды қытайлық, екінші орынды татар қызы, ал үшінші орынды жапон­дық балғын жас иемденді. Ә.Ораз­бақов шілде айына Зальцбург қаласына жолдама табыс­тал­ды. Онда елордалық жас өрен атақты пианист, профессор Кемерлингтен шеберлік сабағын алатын болады. «Байқаудың негізгі жүлдесін иеленгенімді білгенде қатты қуан­дым. Маған сенім артып, оқы­тып, көп нәрсені үйреткен ұста­зым Дина Мәмбетоваға айтар ал­ғысым шексіз», – дейді жас өрен. Айта кетейік, Әбдіахмет Ораз­бақов Астанадағы Қазақ ұлттық өнер университеті мек­те­бінің 6-сыныбында оқиды. Жас пианистің Парижге барып қайтуына Мәдениет министрі Мұхтар Құл-Мұхаммед пен «Қа­зақ әуендері» АҚ директоры Ға­лым Ахмедьяров демеушілік жа­сады. Ә.Оразбақов 2010 жылы Римде өткен Моцарт атын­дағы жас пианистердің V халық­аралық байқауының да бас жүл­десін жеңіп алған болатын. Айгүл СЕЙІЛОВА. Астана.