• RUB:
    5.06
  • USD:
    508.05
  • EUR:
    534.82
Басты сайтқа өту
05 Мамыр, 2011

Қазақстан Республикасының Заңдары

502 рет
көрсетілді

Қазақстан Республикасының Заңы Патент құқығы туралы шартты ратификациялау туралы 2000 жылғы 1 маусымда Женевада қабылданған Патент құқығы туралы шарт мынадай ескертпемен ратификациялансын: «Қазақстан Республикасы Патент құқығы туралы шарттың 23-бабына сәйкес аталған Шарттың 6 (1)-бабының ережелері Патенттік кооперация туралы шартқа сәйкес халықаралық өтінімге қолданылатын өнертабыс бірлігіне қатысты ешқандай талапқа қолданылмайды деп мәлімдейді». Қазақстан Республикасының  Президенті Н.НАЗАРБАЕВ. Астана, Ақорда, 2011 жылғы 2 мамыр    №430-IV ҚРЗ * * * Қазақстан Республикасының Заңы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Америка Құрама Штаттарының Үкіметі арасындағы Ауғанстан Ислам Республикасының қауіпсіздігін, тұрақтылығын және оны қайта қалпына келтіруді қамтамасыз ету жөніндегі іс-қимылға Америка Құрама Штаттарының қатысуына байланысты Қазақстан Республикасының  аумағы арқылы өтетін жүк пен персоналдың әуе транзиті туралы келісімді ратификациялау туралы 2010 жылғы 12 қарашада Вашингтонда жасалған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Америка Құрама Штаттарының Үкіметі арасындағы Ауғанстан Ислам Республикасының қауіпсіздігін, тұрақтылығын және оны қайта қалпына келтіруді қамтамасыз ету жөніндегі іс-қимылға Америка Құрама Штаттарының қатысуына байланысты Қазақстан Республикасының аумағы арқылы өтетін жүк пен персоналдың әуе транзиті туралы келісім ратификациялансын. Қазақстан Республикасының  Президенті Н.НАЗАРБАЕВ. Астана, Ақорда, 2011 жылғы 2 мамыр    №432-IV ҚРЗ