• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
05 Мамыр, 2011

Екі жақты кездесулер өткізді

348 рет
көрсетілді

Кеше Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Ержан Қазыханов Жапонияның бұрынғы премьер-министрі, осы елдің Қазақстанмен достықты нығайту жөніндегі парламенттік лигасының төрағасы Юкио Хатоямамен және  БҰҰ Бас хатшысының орынбасары, БҰҰ ЭСКАТО (Азиядағы және Тынық мұхит аймағындағы Экономикалық және әлеуметтік комиссиясы) Атқарушы хатшысы Ноэлин Хейзермен кездесулер өткізді. Ержан Қазыханов шетелдік мей­манға арнаған сөзін жақын­дағы табиғи апаттан ондаған мың адамын жоғалтқан жапон хал­қы­на көңіл айтудан бастады. Өз кезегінде сөз алған Юкио Хатояма Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа және қазақстандық­тар­ға ауыр сәтте жапон халқына көрсеткен гуманитарлық көме­гіне шынайы алғысын жеткізді. Мұнан соң кездесудегі әңгіме екіжақты байланыстарды дамы­ту­ға ауысты. Тараптар стратегия­лық әріптестік тұрғысында ын­ты­мақтастықты тереңдетудің ма­ңыздылығына мән бере келе, Нұр­сұлтан Назарбаевтың 2008 жылы Жапонияға жасаған ресми сапары қарым-қатынастар әлеуе­тін  пайдаланудың көкжиегін ке­ңей­туге мүмкіндік ашқанын атап өтті. Соның бірі – атом энерге­тикасын бейбіт мақсатқа жұмсап, игілікке айналдыру. Бұл орайда тараптар қазақстандық «Қаз­Атом­Өнеркәсіп» пен жапондық «Сумитомо» және «Тошиба» ком­панияларының  сирек кездесетін металдар мен атом өнеркәсібі саласында бірлескен кәсіпорын ашудағы келісімнің маңызды­лығына мән берді. Сауда-экономикалық байла­ныс­тар төңірегінде де ықпал­дас­тықты дамытар тұстардың ау­қым­дылығын айтқан саясаткерлер бұл төңіректе заңнамалық тұр­ғыдан атқарылар істер барлы­ғы­на тоқталды. Қазіргі күні екі арадағы сауда айналымы 1 млрд. доллардан асты, ал алда оның көлемін ұлғайтудың мүмкіндігі мол, деген кездесуге қатысу­шы­лар, әрі қарай екі ел арасындағы қарым-қатынастарды нығайтуда парламентарийлер арасындағы ба­рыс-келістің рөліне тоқталды. Үстіміздегі жылы Астанада Семей полигоны жабылуының 20 жылдығына арналып өткізілетін конференцияның маңыздылығы бірауыздан мақұлданды. Ал Ноэлин Хейзермен болған жүздесуде  тараптар биылғы жыл­дың күзінде Астанада өтетін қор­шаған ортаны қорғау және Азия-Тынық мұхит аймағы жөнінде министрлік конференциясының дайындық жұмыстары жайын тал­қылады. Аталған конферен­ция­ның өткізілуі, Азия-Тынық мұхит аймағындағы келешек ынтымақтастықтың одан әрі қарай тұрақты дамуына негізгі себеп болмақ делінді. Кездесуден кейін тараптар Қа­зақстан Үкіметі мен ЭСКАТО ара­сында Алматы қаласында ко­мис­сияның Субаймақтық бөлімін құру туралы келісімге қол қойды.  ЭСКАТО бөлімінің ашылуы Қа­зақстанның, тұтастай алғанда, Ор­талық Азияның БҰҰ-мен ара­дағы әлеуметтік-экономикалық даму мақ­саттарын жүзеге асы­ру­да ын­ты­мақтастықтың ілгерілеуіне қо­сым­ша екпін беретіні атап өтілді. Анар ТӨЛЕУХАНҚЫЗЫ.