• RUB:
    5.37
  • USD:
    477.04
  • EUR:
    520.78
Басты сайтқа өту
06 Мамыр, 2011

Дамуға бағыт ұстанған әріптестік

440 рет
көрсетілді

ENRC PLC корпорациясының  бас атқарушы директоры Феликс Ву­лис пен  Қостанай облысы­ның әкімі Сергей Кулагин әлеумет­тік  әріптестік жағдайында жұмыс істеу жөніндегі меморандумға қол қойды. Үстіміздегі жылы корпорация облыстың әлеуметтік көркейту жұмыстарына 1 миллиард 354 миллион теңге салып отыр. Осы меморандум шеңберінде бірнеше эконо­ми­калық, әлеуметтік және мәдени жобалар жүзеге асырылатын бола­ды. Рудный қаласындағы жолдарды асфальттауға және Качар қаласын­дағы мектепке жөндеу жұмыстарын жүргізуге 350 миллион теңге жұм­салмақ. Облыста спорттың дамуы­на зор көңіл бөлінеді. «Тобыл» футбол және шайбалы хоккей коман­даларына берілетін 400 миллион теңге соның айғағы. Рудныйдан бой көтерген  мешіт, шіркеу, синагога  осы Еуразиялық табиғи ресурстар   корпорациясының демеушілігімен салынды. Оларға 440 миллион  теңге бөлді. Меморандум шеңберінен  об­лыс­тағы  мәдениет, білім салала­ры мен өнер адамдарына  көмек беру ісі де сырт қалмады. Корпорация құрамына кіретін «ССКӨБ» АҚ облыстағы шығармашылық адамдарын материалдық жағынан қолдап отыратын  «Меценаттар клубының» мүшесі. – Қостанай облыстық әкім­ді­гімен меморандумға қол қою  Еу­разиялық табиғи ресурстар корпорациясы үшін дәстүр ғана емес, біздің тарапымыздан корпоративтік әлеуметтік жауапкершілікті жүзеге асыру саясатындағы басым бағыттардың бірі болып табылады. Ал бұл жұмыстар өнеркәсіптік аймақтарды дамыта­ды және  нақты нәтижелер береді, – деді меморандумға қол қою салтанатында ENRC PLC бас атқарушы директоры Феликс Вулис. Нәзира ЖӘРІМБЕТОВА. Қостанай.