• RUB:
    5.37
  • USD:
    477.04
  • EUR:
    520.78
Басты сайтқа өту
06 Мамыр, 2011

Ұйым саммитіне арналған кеңес

359 рет
көрсетілді

Кеше Ақордада Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев ШЫҰ-ның Астанада өтетін мерейтойлық саммитінің мәселе­лері жөнінде кеңес өткізді, деп хабарлады Қазақстан Респуб­ликасы Президентінің баспасөз қызметі. Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер он жыл ішінде аймақтағы бейбітшілік пен тұрақтылықты бірлесіп қамтамасыз ету үшін сындарлы іс-қимылдың берік негізін қалады. Нәтижелерге қол жеткізудің арқасында ШЫҰ халықаралық қатынастардың жаһандық жүйесіне айтарлықтай ықпал ететін беделді ұйымға айналды. Бүгінде ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің жалпы аума­ғы 30 миллион шаршы километрге тең, яғни Еуразия аумағының жартысынан астамын құрайы, ал тұр­ғын­дарының саны 1,5 миллиард адамға жетті – бұл Жер шарының барлық тұрғындарының төрттен бір бөлігі. ----------------------------------------- Суретті түсіргендер С.БОНДАРЕНКО, Б.ОТАРБАЕВ.