• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
06 Мамыр, 2011

Жағармай жеткілікті

327 рет
көрсетілді

Жылдағыша көктемгі дала жұмыстары да бастау алды. Осыған орай шаруа адамын Үкіметтің тапсырмасымен дизель отынының қанша көлемде бөлінгені мазалайтыны даусыз. Және оның бағасы қандай болады? Міне, осы сауалға орай «ҚазМұнайГаз» ҰК маркетинг және мұнай өңдеу жө­ніндегі басқарушы директоры Данияр Тиесов төмендегіше түсініктеме берді: – Көктемгі дала жұмыс­та­ры­ның ойдағыдай өтуін дизель отынымен қамту мақсатында Мұнай және газ министрлігі ақпан айында арнайы мәжіліс өткізді. Оған мемлекеттік органдар мен әкімдіктер өкілдері де қатысты. Осы басқосуда ауыл шаруа­шы­лығы құры­лым­да­ры­на берілетін дизель оты­нының 1 тон­насы 70 000 теңге болып бе­кітілді. Біз­дің Атырау және Павлодар мұнай өңдеу зауыттарынан Қостанай, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Шығыс Қазақстан об­лыстарына жіберілетін дизель отынының мөлшерін 220 мың тонна көлемінде белгіледі. Атал­ған облыстарға тиісті көлемдегі дизель отыны наурыз айынан бастап жіберілуде. Данияр Тиесовтің мәліметін­ше, Атырау мұнай өңдеу зауы­ты­нан Қостанайға – 70 мың, Ақ­мо­ла облысына 30 мың тонна дизель отыны босатылады. Ал Павлодар мұнай өңдеу зауыты Солтүстік Қазақстан облысына 50 мың тонна, Павлодарға –15 мың, Шығыс Қазақстанға – 23 мың және Ақмола облысына қосымша 32 мың тонна жағармай жіберуге тапсырма алыпты. «Бағада ешқандай өзгеріс болмайды. Аталған зауыттарда дизель отынының қоры жеткілікті. Бөлінген дизель отыны ауыл шаруашылығы құрылымдарына кестеге сәйкес мезгілінде жіберіледі» деп және бір шегеледі басқарушы директор Д.Тиесов. Жолдасбек ШӨПЕҒҰЛ. Атырау облысы.