• RUB:
    5.37
  • USD:
    477.04
  • EUR:
    520.78
Басты сайтқа өту
06 Мамыр, 2011

Халықаралық заң жобалары қолдау тапты

355 рет
көрсетілді

Кеше Сенат Төрағасы Қайрат Мәмидің жетекшілігімен өт­кен палатаның кезекті отырысында төрт мәселе депутаттар на­зарына ұсынылды. Соның екеуі келісімдерді ратифи­ка­ция­лау­ға байланысты заңдық құжаттар болып табылады. Бірінші болып күн тәртібінде «Қазақстан Республикасының Үкі­меті мен Корея Респуб­ли­ка­сы­ның Үкіметі арасындағы Корея Республикасы диплома­тия­лық өкілдіктерінің ғимараттарын салу үшін Астана қаласында жер учаскелерін беру туралы келісімді ратификациялау туралы» заң жобасы қаралды. Ол бойынша баяндама жасаған Сыртқы істер министрлігінің жауапты хат­шы­сы Рәпіл Жошыбаев Астана қа­ла­сынан Корея елшілігін салуға 1 гектар және Елші резиденциясын салуға 0,5 гектар жер телімі бөлінетіндігін жеткізді. Жер 49 жыл мерзімге жалға беру шар­ты­мен берілмек екен. Жалдан өзге барлық салықтардан, алымдар мен баждардан босатылғандығын айта кету керек. Қосымша баян­да­машы Халықаралық қаты­нас­тар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы Қуаныш Сұлтанов Кореямен ынтымақ­тас­тық ерекше дамып отырған­ды­ғын жан-жақты дәлелді жеткізді. Сенаторлар Сеул қаласында 2010 жылы сәуірде жасалған келісімді ратификациялау туралы заң жо­ба­сын қабылдады. Келесі қаралған мәселе «Ва­лю­талық саясаттың келісілген қағидаттары туралы келісімді ратификациялау туралы» заң жо­басы болды. Келісімге Қазақстан, Беларусь және Ресей Федера­ция­сының президенттері 2010 жыл­ғы желтоқсанда Мәскеуде қол қой­ған. Онда қатысушы мемле­кеттердің валюталық саясат жүр­гізуін жүзеге асыратын қағидалар айқындалыпты. Атап айтқанда, олар валюталық саясатты үйлес­ті­руді кезең-кезеңімен жүзеге асыру және оны қалыптастыру мен жүргізуге қойылатын тәсіл­де­рді жақындастыру, валюта саласындағы ықпалдастық үде­ріс­терін дамыту үшін ұйым­дас­тыру-құқықтық жағдай жасау, қатысушы мемлекеттердің ұлт­тық валюталарына деген сенімді арттыру болып табылады. Заң жобасы бойынша депутаттардың сауалдарына Ұлттық банк төр­ағасының орынбасары Д.Ақышев жауап берді. Сөй­тіп, заңдық құжат депутаттар та­рапынан бірауыздан қабылданды. Осыған дейін бір рет ма­құлдаудан өткен «Қазақстан Рес­публикасының кейбір заң­на­ма­лық актілеріне жер қатынастарын реттеу мәселелері бойынша өз­ге­ріс­тер мен толықтырулар енгізу ту­ралы» заң жобасы екінші оқылымда қаралды. Заң жобасы қолданыстағы заңдарға өзгеріс­тер енгізуге, жер туралы заңна­маны жетілдіруге және Жер кодексінің кейбір ережелеріндегі қайшылықтар мен қиғаш түсінушілікті алып тастауға бағытталған. Жобаға енгізілген өзгерістер Мәжіліске жіберілді. Асқар ТҰРАПБАЙҰЛЫ.