Мемлекет басшысының Өкімдерімен:
Әбен Ағыбайұлы Бектасов Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі төрағасының орынбасары қызметіне;
Серікбол Рахымқанұлы Мусинов Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің жауапты хатшысы қызметіне;
Әлішер Хабиболлаұлы Пірметов Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің жауапты хатшысы қызметіне;
Рүстем Нұрланұлы Ахметов Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің жауапты хатшысы қызметіне;
Нұрболат Серғалиұлы Айдапкелов Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің жауапты хатшысы қызметіне;
Амангелді Жұмабаев Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары қызметіне;
Лұт Сапуұлы Әлшекенов Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Зымыран әскерлері мен артиллериясының қолбасшысы – Құрлық әскерлері бас қолбасшысының оқ атумен зақымдау жөніндегі орынбасары қызметіне тағайындалды.