• RUB:
    5.37
  • USD:
    477.04
  • EUR:
    520.78
Басты сайтқа өту
07 Мамыр, 2011

Ғалымды еске алды

548 рет
көрсетілді

Алматыда О.Жәутіков атын­дағы республи­калық маманданды­рылған дарынды балаларға арнал­ған физика-математика орта мек­теп-интер­натында осы оқу ор­нын құруға атсалысқан математик-ға­лым Орым­бек Жәутіковтің 100 жыл­ды­ғына орай мерейтойлық кеш өткізілді. Қазақ КСР Ғылым академия­сы­ның академигі О.Жәутіков елімізге белгілі ма­те­ма­тик-ғалым, үз­дік педагог, та­лант­ты ұйым­дас­тыру­шы, қамқор ұстаз. Оның ма­тематик ға­лымдар арасындағы айы­рық­­ша беделі мен білімдар­лығы 1965 жы­лы Қазақ КСР Ғы­лым акаде­мия­сының Ма­те­матика және механика сек­то­ры ба­зас­ында Математика жә­не механика инс­титутын ашуға мүм­кін­дік берді. Ол отан­дық ғы­лым мен білім жүйесінде математика ғы­лы­мы­ның дамуына үлкен үлес қосты. Жиынға ғалымның шәкірттері, от­басы мүшелері қатысты. Олар ғалым ұстаздың өне­гелі өмір жо­лынан сыр шертті. Со­нымен қатар, бұл кеште О.Жәутіков тура­лы деректі фильм көр­сетіліп, акаде­микті еске алуға арналған шығар­малар конкурсы мен спорттық жарыс­тардың жеңімпаз­дары бағалы сый­лық­тармен марапатталды. Қанат ЕСКЕНДІР, журналист.