• RUB:
    5.06
  • USD:
    508.05
  • EUR:
    534.82
Басты сайтқа өту
07 Мамыр, 2011

Ардагерлерін ардақтады

426 рет
көрсетілді

Кеше Бас Прокуратурада Жеңіс және Отан қорғаушылар күніне арналған салтанатты жиналыс болып өтті. Ұлы Отан соғысында шайқасқан және тылда жеңісті жақындатуға көмектескен прокуратура органдарының 19 ардагері мерекелік іс-шараның құрметті қонақтары ретінде қатысты. Еліміздің Бас Прокуроры Асхат Дауылбаев ардагерлерді Же­ңіс­тің 66 жылдығымен құттық­тап, май­дан­дағы және тылдағы ерліктері үшін оларға терең алғыс сезімдерін жеткізді. Барлық ұр­пақтар үшін 9 мамыр біздің хал­қымыздың Отанға деген шексіз сүйіспен­шілі­гінің, қаһармандығы мен ерлігінің мәңгілік белгісі ретінде қалатын ерекше жарқын мереке, деді ол. Прокуратура қызметкерлерінің жартысына жуығы сұрапыл со­ғыс­қа аттанса, олардың көпшілігі майдан даласынан оралмады. Көп­теген ардагерлер тыл еңбек­керлері ретінде соғыс кезінде аса қажетті жұмыстарды істеп, аянбай тер төкті. Терең құрмет және ризашы­лық белгісі ретінде Бас Прокурор соғыс ардагерлері мен тыл еңбек­керлеріне ведомстволық наградалар мен құнды сыйлықтар тапсыр­ды. Ардагерлер өздерінің жас әріп­тестерін құттықтап, про­курор­лардың жас буынына Отан үшін от кешкендерді есте сақтап, соларға лайықты қызмет істеуді, проку­рор­лық кәсіптің жақсы дәс­түр­лерін сақтауды және дамы­туды тіледі. Отан қорғаушылар күніне орай Қазақстан Республикасы Пре­зи­ден­тінің Жарлығымен Бас Прокурор Асхат Дауылбаевқа 2-сыныпты мем­­лекеттік әділет кеңесшісі сы­ныптық шені және Бас Проку­рордың орын­басары Берік Асы­ловқа 3-сыныпты мемлекеттік әді­лет кеңесшісі сынып­тық шені тапсырылды. Мінсіз қызмет еткендері және заңдылық пен құқық тәртібін қам­тамасыз етуге үлес қос­қан­дары үшін Бас Прокурор прокуратура орган­дарының 82 қызмет­керіне ведом­стволық наградалар табыс етті. Ардагерлердің Астанадағы мере­келік бағдарламасында «Отан қор­ғау­шылар» монументіне гүл шоқ­тарын қою рәсімі, Бейбітшілік және келісім сарайын­дағы мерекелік концертке қатысу және елор­даның көрік­ті жерлерін аралау жоспар­ланған. «Егемен-ақпарат».