• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
Үкімет 20 Қаңтар, 2017

Әмірліктермен әріптестігіміз артады

5361 рет
көрсетілді

Жақында Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Асқар Мамин Біріккен Араб Әмірліктерінің Вице-премьері мен БАӘ Президенті істері жөніндегі министрі шейх Мансұр бен Заид Әл Наһаянмен келіссөз жүргізді, деп хабарлады Премьер-Министрдің баспасөз қызметі.

Келіссөз барысында Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың БАӘ-ге 15-16 қаңтардағы ресми сапары барысында қол жеткізілген жоға­ры дең­гейдегі уағдалас­тық­тарды іс жүзіне асырудың жолдары қарастырылды.

Тараптар энергетика, мұ­най-химия, атом өнер­кәсібі, көлік және логисти­ка, әскери-техникалық сала­лар­дағы ортақ жобаларды дамытуға дайын екендерін растады.

«Бәйтерек» холдингі мен «Mubadala Develop­ment Company PJSC» Қазақ­стан аумағы мен өзге көр­ші елдердің басым на­рық­тарындағы инфра­құ­ры­лымдық және өзге де жобаларды бірлесіп қаржы­ландыру үшін жақын арада өзара инвестициялық платформа құруға келісті.

Қазақстан мен БАӘ-нің энергетика министрліктері Қазақстанда мұнай-газ-химия кешені құрылысының жо­басына тараптардың қа­ты­­су мүмкіндігін тал­қы­лады.

«Қазақстан темір жо­лы» ұлттық компания­сы мен «Etihad Rail» ұлт­тық темір жол компания­сы БАӘ мен үшінші елдер­де бір­лес­кен инфрақұ­ры­лым­дық жо­баларды жүзе­ге асы­ру мә­селелерін тал­қы­лады.

БАӘ атом энергиясы жөніндегі корпорация­сы «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК»-пен ядролық энергияны бейбіт мақсатта пайдалану саласында екіжақты қарым-қатынасты дамытуға ниет білдірді.

Әмірлік тарабы Қазақ­стан Республикасы Қарулы Күш­тері әскери оқу-жатты­ғу орталықтарының инфра­құ­рылым нысандарын ин­вес­­тициялау мәселесін қа­­ра­­с­тыруға мүдделілік та­ныт­ты.

Әмірлік тарапынан ке­ліс­сөздерге Энергетика ми­нистрі Сухейл Мұхаммед әл-Мазруи, Әбу-Даби Атқа­рушы кеңесінің мүшесі, «Му­бадала Девелопмент» ком­па­ниясының бас атқару­шы директоры, БАӘ атом энер­гиясы жөніндегі корпо­ра­циясының басқарма басшысы Халдун Халифа әл-Мү­бәрак, Әбу-Даби қала­сының мэрі, «Etihad Rail» ұлттық темір жол компа­ниясы директорлар кеңе­сінің төрағасы, инженер Ауд Муршид әл-Мурур, Сырт­қы істер министрінің қауіп­сіздік және қорғаныс мәсе­лелері жөніндегі орынбасары Фарис әл-Мазруи және БАӘ-нің Қазақстандағы ел­шісі Мұхаммед әл-Джабер қа­тысты.

Кездесуге Қазақстан тара­пынан Энергетика ми­нистрі Қ.Бозымбаев, Қор­ғаныс және аэроғарыш өнер­кәсібі министрі Б.Атам­құлов, «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Қ. Алпысбаев, «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ бас­қарма төрағасы Е.Досаев, «Қаз­атомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ басқарма төра­ғасы А.Жұмағалиев және Қазақ­стан­ның БАӘ-дегі елшісі Қ.Лама Шәріп қатысты.