• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
07 Мамыр, 2011

«Көктемде ардагерлер жасарады!»

386 рет
көрсетілді

Жеңіс күні қарсаңында Қазақстан Республикасы Президентінің Тұңғыш қоры осындай атаумен Отан соғысының ардагерлеріне арнап, мерекелік шара өткізді. Жылдағы дәстүр бойынша өткен қауышуға қарт майдангерлер мен Қормен ынтымақтасып қызмет атқарып жүрген «Казахстанская правда» газеті атындағы майдан клубының мүшелері шақырылды. Мерекелік көңіл-күй ҰҚК Әс­ке­ри институтының үрмелі оркестрі­нің орындауындағы соғысқа дейінгі және соғыс жылдарындағы әуен­дер­дің үні естілгеннен-ақ басталып кетті. Эстра­да әртістерімен бірге ар­дагерлер мен қо­нақтар соғыс жыл­дарындағы сүйік­т­і «Қараңғы түн», «Катюша», «Көк орамал» ән­де­рін шырқады. Әндерді тыңдаған сайын жеңіске жетуге рух берген әуенмен соғыс ұмытылып, махаббат еске түскендей, ардагерлердің жан­дары жадырап сала берсін. Жиынды ашқан Тұңғыш Президент қорының атқарушы дирек­то­ры Бектас Мұхамеджанов ардагерлерді Ұлы Жеңіс күнімен құт­тықтап, өз тілегін білдірді. Оның айтуынша, биылғы жылы Қор ардагерлердің 5 кітабын жарыққа шығарған. «Ал­да­ғы уақытта тағы 5 кітапты шыға­ру­ды жоспарлап отырмыз. Біздің қор мұрағатында кезегін күтіп жатқан көптеген материалдар бар», – деді ол. Сон­дай-ақ, Жеңіс куәгерлеріне Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне ар­нал­ған «Батырлар портреті» атты көрме ұй­ымдастырып, мерекелік дастарқан жай­ылды. Ардагерлер Же­ңіс күніне жетпеген боздақ­тарды еске алды, арнайы дайындалған солдат ботқасынан ауыз тиді. Шара барысында Қазақстан Рес­пуб­ликасы Тұңғыш Президенті қо­ры­ның атынан соғыс ардагерлеріне Да­ри­ға Назарбаеваның «Егер соғыс бол­ма­ған­да» концертінің DVD-дис­кілері тап­сы­рылып, сыйлықтар мен гүлдер сый­лан­ды. Аталмыш қор Отан соғысының ардагерлеріне ар­нал­ған қайырымды­лық шараларын одан әрі жалғастыруда. Алдағы күндері елі­міздің ірі бес қаласында классикалық музыкадан қайырымдылық концертін өткізбек. Гүлзейнеп СӘДІРҚЫЗЫ. Алматы.