• RUB:
    5.37
  • USD:
    477.04
  • EUR:
    520.78
Басты сайтқа өту
11 Мамыр, 2011

Ұйымдар шеңберіндегі ұйысу

356 рет
көрсетілді

Кеше Сыртқы істер министрлігінде аталған ведомствоның ресми өкілі Асқар Абдрахмановтың қатысуымен дәстүрлі апталық брифинг өтті. Ресми өкіл өз сөзінде Алматыда Шанхай ынтымақ­тастық ұйымына мү­ше мемлекеттер Ұлттық үйлесті­рушілер кеңесінің кезекті отырысы өтіп жатқанын, мә­жіліске қаты­сушылар биылғы жылдың 14 мамы­ры күні Алматыда өтетін Шанхай ұйы­мына мүше мемлекеттер Сыртқы iстер министрлерінің  кеңесіне және 15 мау­сым­да Астанада өтетін ұйым­­­ның 10 жылдығына арналған мерей­тойлық саммитке дайындық бары­сы талқыланып жатқанына тоқталды. Ал 14 мамырда Алматыда өтетін Шанхай ұйымына мүше мемлекеттер Сыртқы істер министрлері кеңесінің кезекті отырысы аясында Ұйым құрылуының он жылдығына арнал­ған мерейтойлық саммитке дайындық барысын талқылау, өзекті халық­ара­лық және аймақтық мәселелер бо­йынша пікір алмасу көзделіп отыр. Министрлер  Шанхай ұйымы қызме­тінің ағымдағы мәселелерін қарас­тырып, оның шешімдерінің жүзеге асырылу тетігін қамтамасыз ететін болады. Сонымен қатар, көпжақты ынтымақ­тастықты дамыту және жетілдіру мәселелерін ШЫҰ-ға мүше Мемлекеттер бас­шылары кеңесінің қарауына ұсынуы тиіс, деді А.Абдрахманов. Брифинг барысында сондай-ақ 12 және 14 мамыр аралығында НАТО Бас хатшысының Орталық Азия және Кавказ жөніндегі арнайы өкілі Джеймс Аппатурайдың Астанаға жұ­мыс сапары болатындығы айтылды. Бірқатар министрліктер мен ведомстволарда өткізілуі жоспарланған кездесулер барысында шетелдік мейман Қазақстан мен Солтүстік-Атлан­тика альянсы арасындағы Әріп­тестік іс-қимылдарының жеке жоспары аясын­дағы ынтымақтас­тықты талқы­лап, Орталық Азиядағы ағымдағы саяси жағдай жөнінде пікір алма­сады екен. Брифинг барысында 13-14 мамыр күндері Ресей Федерациясы­ның Сырт­қы істер министрі Сергей Лавровтың Қазақстанға жұмыс сапа­рымен келетіні де белгілі болды. Бағдарламаға сәйкес, көрші елдің сыртқы саясат ведом­ствосының жетекшісін Қазақ­стан Президенті Нұр­сұл­тан Назарбаев қабыл­дайды. Сон­дай-ақ, ресейлік дипломат­тың Қазақ­стан Сыртқы істер министрі Ержан Қазыхановпен келіс­сөзі жоспар­ланған көрінеді. Тараптар саяси, сауда-экономи­ка­лық және мәдени-гуманитарлық сала­лардағы Қазақстан-Ресей ынты­мақ­тастығының қазіргі жағдайы мен даму болашағын қарастырып, халық­аралық күн тәртібіндегі өзекті мәсе­лелерді және ТМД, ЕурАзЭҚ, АӨСШК және БҰҰ сияқты халық­аралық бірлестіктер аясындағы екі­жақты ынты­мақтас­тықты талқылап, Орталық Азияда тұрақтылық мен қауіпсіздікті нығайту шаралары мен Каспий теңізі мәсе­лелері төңірегінде пікір алма­сатын болады», деді ресми өкіл. Ләйла ЕДІЛҚЫЗЫ.