• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
11 Мамыр, 2011

Ат сынағы сәтті өтті

459 рет
көрсетілді

Маңғыстау малды өңір. Соның ішінде елімізге белгілі Адай жыл­қы­сының алыс жолға төзімділігі, күй талғамай өсіп өнетіндігі жө­нін­де әңгіме де көп, көз көргендердің дәлелі де мол. Дегенмен, осынау ерек­ше қасиеттер еш жерде ресми жазылып, көрсетілмепті. Міне, соған орай Түпқараған ауданына қарасты Ақбастау жерінде Адай жылқысының толық­қан­ды та­нылуының алғашқы қада­мы ретінде «Маңғыстау об­лысы әкімінің кубо­гы» үшін алыс қашықтыққа ат сына­ғы ұйым­дастырылды. Сы­нақты Қа­зақстан Республикасының Ат спорты қауым­дастығы ұйымдас­тырып, оның талапқа сай өтуін ха­лық­аралық судьялар, дәрігерлер, ға­лым­дар мен атақ­ты малбегілер бақылап, бағалады. Шындығында, бұл ат бәйгесі емес, Адай жылқысының шыдам­дылығын, төзімділігін, яғни тұқым­дық сапасын анықтай түсу болды. Сынаққа 36 ат қатысты. Олар 90 шақырымдық қашықтықты 30, 30, 20, 10 шақырымнан төрт бөліп өтті. Әрбір бөліктен соң мал дәрігерлері, ветеринарлық комиссиядан құрал­ған сарапшылар әрбір аттың қан қысымын, жүрек соғысын, тағы да басқа қажет тұстарын тексеріп, 40 минуттық үзіліс беріп отырды. Сы­нақ нәтижесінде 11 ат жарыстан шы­­ғып қалса,  жалпы, төрт айна­лым бо­йынша орташа жылдамдық сағатына 18,7 километрді құрады. Бұл – үлкен жылдамдық деп бағалануда. Осы сала мамандарының ай­туынша, бұл сынақ осы жылы Ал­матыда өтетін Қазақстан халқының спартакиадасына дайындық та іспетті. Оған Маңғыстаудан 5 жүйрік ат барады деп жоспарлануда. Сондағы 80 шақырымдық сайыста Адай жыл­қы­ларының бас жүл­делер алуға мүм­кіндігі бар деп болжауға болатындай. Қорыта айтсақ, Маңғыстауда ата-бабамыздың қанаты болған қа­сиетті тұлпарларымыздың  асыл тұ­қымдарын өмірге қайта әкелуге деген құлшыныс соңғы жылдары ғана пайда болды. Осы шаруамен түбегейлі айналысатын Сенек және Қараған түбек шаруашылықтары асыл тұқымды жылқы зауыты ретінде жұмыс жасайды. Ондағы жылқылар ғылыми бақылауға алы­нып, электронды түрде құжаттан­ды­ры­лу арқылы бағып, күтіліп отыр. Аймақта алғаш рет өткен ат сы­нағы қазақтың құс қанатты жыл­қыларының бір текті тұқымы ретіндегі Адай жылқыларының ерек­ше қа­сиеттерін тағы да бір дәлелдеп көр­сетуімен есте қалған игі шара болды. Жоламан БОШАЛАҚ. Маңғыстау облысы, Түпқараған ауданы.