Өскемен қалалық прокуратурасының қызметкерлері «Ел Тәуелсіздігінің 20 жылдығына – 20 түп ағаш» акциясы бойынша мекеме жанында ағаш көшеттерін отырғызды. Өскемен қаласының прокуроры Серікжан Тасжановтың айтуынша, айтулы мереке қарсаңында басқа да шаралар атқарылмақ. Көшелерді тазарту, прокуратура саласында қызмет еткен ардагерлерге көмек көрсету, басқа да игілікті істер назардан тыс қалмайды.
Қалалар мен аудандардағы прокуратура саласының қызметкерлері де аулаларды таза ұстау, ағаш отырғызуға белсене араласуда.
Оңдасын ЕЛУБАЙ.
Өскемен.