• RUB:
    5.53
  • USD:
    474.57
  • EUR:
    513.63
Басты сайтқа өту
17 Мамыр, 2011

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы №77

336 рет
көрсетілді

Алматы қаласының шекарасын өзгерту туралы «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабына сәйкес қаулы етемін: 1. Осы Жарлыққа қосымшаға сәйкес Алматы қаласының шекарасы оның шегіне жалпы алаңы 1330,25 гектар Алматы облысы, оның ішінде алаңы 823,82 гектар Қарасай ауданы, алаңы 496,92 гектар Талғар ауданы және алаңы 9,51 гектар Іле ауданы жерінің бір бөлігі қосыла отырып өзгертілсін. 2. Осы Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасының Президенті Н.НАЗАРБАЕВ. Астана, Ақорда, 2011 жылғы 12 мамыр.