• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
17 Мамыр, 2011

Байқау жеңімпаздары анықталды

397 рет
көрсетілді

Мақсат қоғамдық қа­былдау бөлмелерінің тиімділігі мен бел­сенділігін арттыру болып отыр. Өткен жылы партияның қоғамдық қабылдауына 78 мың­нан астам адам хат арқылы және жеке өздері келіп арыз-шағым­дарын жеткізген. Бұл ха­лықтың партияға деген зор сенімін және оның жылдан-жылға артып келе жатқанын көрсетеді. Салыстыр­малы түрде айтатын болсақ, 2009 жылмен салыстыр­ғанда 2010 жылы қоғамдық қа­былдауға келгендер саны 11 мың, ал 2008 жылмен салыс­тыр­ғанда 30 мыңға артқан. Партия басшылығы қоғамдық қабылдау бөлмелерінің тиімділігін арттыра түсу мақсатында олардың арасында байқау жария­лаған болатын. Кеше партияның Орталық аппаратында солардың арасынан үздіктері анықталды. Байқауға барлығы 257 қоғамдық қабылдау бөлмелері қатысты. Олардың ішіндегі үздіктерін анық­тау кезінде келіп түскен хаттарды сапалы әрі уақытылы қарау, қоғамдық қабылдау бөл­мелерін жетілдіру бойынша бастамалар көтеру, мемлекеттік органдармен бірлескен қызмет, бұқа­ралық ақпарат құралдарында өз қызметін көрсету, сондай-ақ қа­былдау бөлмелерін безендіру сияқ­ты критерийлер есепке алынды. Байқау жеңімпаздарын құт­тықтау кезінде «Нұр Отан» пар­тиясы Төрағасының бірінші орын­басары Нұрлан Нығматулин: «Біз үшін ең бастысы – азаматтардың мәселелерін жылдам шешуге бар­лық жағдай жасау. Бұл – Елба­сымыз, партиямыздың Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың біздің алдымызға қойған ең негізгі міндеті. Бүгінде «Нұр Отан» партия­сының қоғамдық қабылдау бөлме­лері азаматтар мен мемлекеттік органдар арасындағы маңызды әрі тиімді байланыстыру құралы ретінде танылды», – деді. Халықты толғандыратын мә­селе­лерді шешудің тиімділігін арт­тыру мақсатында партия әрдайым осы қызметтің жаңа формаларын тауып, қолдануға тырысады. Партия Төрағасының бірінші орын­басары Нұрлан Нығматулин байқау қорытындыларын жариялағанда, алда тұрған міндеттердің басты бағыттарын да айқындап берді. Олардың ішінде қабылдайтын азаматтардың санын көбейту арқылы мемлекеттік органдармен өзара әрекет белсенділігін арт­тыру, хаттарды қараудың сапасы мен қорытындысын ерекше бақылау, түйткіл мәселелерді шешу мен олардың қорытын­дыларын бұқаралық ақпарат құралдарында кеңінен баяндау қажеттігі атап өтілді. Осындай қоғамдық қабылдау бөлмелерінің байқауы енді жыл сайын өткізілетін болды. Биылғы байқау Қазақстан Республикасы Тәуел­сіз­дігінің 20 жылдығына орай­ластырылып отыр. Сөйтіп, алғаш рет өткізілген «үздік қабылдау бөлмесі» байқа­уының жеңімпаздары болып мы­налар танылды:             «Нұр Отан» ХДП Астана қалалық филиа­лының қоғамдық қабылдау бөл­месі (бас жүлде), «Нұр Отан» ХДП Павлодар облыстық филиа­лының қоғамдық қабылдау бөл­месі (1-орын), «Нұр Отан» ХДП Оңтүстік Қазақстан облыстық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесі (2-орын) және «Нұр Отан» ХДП Қостанай облыстық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесі (3-орын). Жүлдегерлерге тиісті сый­лық­тар мен марапаттар табыс етілді. Жақсыбай САМРАТ.