Мемлекеттік хатшы Қанат Саудабаев Қарағанды облысында жұмыс сапарымен болып, өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму бағдарламасының іске асырылу барысымен танысты.
Бұдан соң кезінде Қарлагтың орталығы болған Долинкадағы бұрынғы әкімшілік үйінің мұражайға айналдырылуы ісімен танысуға атбасын бұрды. Саяси қуғын-сүргін құрбандарының ауыр тағдырынан сыр шертетін осы орында сталиндік зобалаңның қасіретін айғақтайтын сирек жәдігерлер мен құжаттар жинақталған.
Мемлекеттік хатшы, сондай-ақ облыстық кардиохирургиялық орталық пен жаңа мешіт құрылысымен танысып, политехникалық колледжде болды.
Айқын НЕСІПБАЙ, Қарағанды.