• RUB:
    5.53
  • USD:
    474.57
  • EUR:
    513.63
Басты сайтқа өту
17 Мамыр, 2011

Жаңа...

303 рет
көрсетілді

...пәтерлерге қоныстанды Жақында Хромтау қала­сын­дағы Дөң тау-кен байыту комбинатының 65 қызмет­кері­нің отбасы баспаналы болды. Жаңа пәтер кілттерін алған­дар­дың бәрі де кәсіпорынның жас жұмысшылары мен ма­ман­дары. Бір, екі және үш бөл­мелі пәтерлер оларға он бес жылға жылдық өсімі 1 пай­ыздық несиемен берілді. Бұл пәтерлер аса қымбат емес, бір шаршы метрі 80 304 теңге тұрады. Бұл «Қазхром» ТҰК-ның 2007 жылдан бастап корпоративтік тұрғын үй бағдарла­ма­сы аясында салған бесінші үйі болып табылады. Тұрғын үйді салуға кәсіпорын 432 миллион теңге жұмсады. Аталған бағдар­лама бойынша алтын­шы үйдің құрылысы жүргі­зі­луде. Жалпы, кәсіпорында жұ­мысшы-қызмет­керлерге әлеуметтік жағдай жасауға баса көңіл бөлінген. Сатыбалды СӘУІРБАЙ, Ақтөбе облысы. ...балабақшаның аты – «Нұрай» Жақында Тараз қаласын­да­ғы «Астана» шағын ауданын­да «Нұрай» деп аталатын 280 бүлдіршінге арналған жаңа балабақша ашылды. Ғимарат­тың құрылыс жұмысын өткен жылдың тамыз айында «Бином» ЖШС қолға алған бо­латын. Сметалық құны 382,403 млн. теңгені құраған балалар бақшасында 12 топ бөлмесі бар. Әдіскерге, психологқа, му­зыкантқа, медицина қыз­мет­керіне, дене шынықтыру маманына арналған бөлмелер де қарастырылған. Құрылыс компаниясы, сон­дай-ақ, балалар бақшасын бүл­діршіндерге арналған қажетті жиһаздармен, ойыншықтармен толығымен жабдықтады. Көсемәлі СӘТТІБАЙҰЛЫ,Тараз. ...басшы тағайындалды Еліміздің мұнай алыпта­ры­­ның бірі – «Маңғыстау­мұ­найгаз» АҚ-тың басшысы ауыс­ты. Акционерлік қоғам­ның бас директоры болып бұ­ған дейін Мұнай және газ министрінің орынбасары қыз­ме­тін атқарған Әсет Мағауов тағайындалды. Ол – Мәскеу­дің Губкин атындағы мемлекеттік мұнай және газ ака­демиясының түлегі. Вице-министрлікке дейін «ҚазақОйл», «Мұнай және газ тасы­мал­дау», «ҚазМұнайГаз» ұлттық мұнай-газ компанияларында, «ТеңізШевройл» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде лауазымды қызметтер атқарған. Ал «Маңғыстаумұнайгаз­дың» бұрынғы бас директоры Алик Айдарбаев Астанаға ауы­сып, «ҚазМұнайГаз» ұлт­тық компаниясы» АҚ-тың бас­қарушы директоры болып тағайындалды. Жоламан БОШАЛАҚ, Ақтау.