• RUB:
    5.53
  • USD:
    474.57
  • EUR:
    513.63
Басты сайтқа өту
18 Мамыр, 2011

Патриоттық тәрбиенің жарқын көрінісі

549 рет
көрсетілді

Жақында ел Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған сал­танатты шаралардың бірі ретінде Республикалық ұланда Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің күндері болып өтті. Онда университет­тің профессорлары, оқытушы­лары мен студенттері аталған әскери құрылымда ұйымдасты­рылған көптеген іс-шараларға қатысты. Алғашқы күні ректор Б.Әбдірайым бастаған ЕҰУ тобы Республикалық ұланның 0112 әскери бөліміне келді. Универ­си­теттің саясаттанушы және философ ғалымдары «Ұлан­дықтар және қазақстандық пат­риотизм» атты дөңгелек үс­телде өз ой-пікірлерін ортаға салды. Түрлі салаға маман­данған білікті оқытушылар жауынгерлер мен офицерлер алдында мем­ле­кет­тік-құқық­тық дайындықтың негізгі та­қырыптарына орай дәріс оқы­ды. Ұстаздар қауымы ұлан­дықтар жаттығатын тир залын­да мылтық атып көрді. Елордада екінші мәрте өт­кі­зілетін офицерлердің би кеші де ЕҰУ күндері аясында ұй­ым­дастырылды. Оның негізгі қо­нақ­тары университетте қызмет ететін қыз-келін­шек­тер болды. Ұлттық салт-дәс­түрге жетік жауынгерлер ара­сында «Ұлан сұлтаны» бай­қауы өткізілді. ЕҰУ мен Рес­публикалық ұлан­дағы бұл шаралар үш жылдан бері жас­тарды патриоттыққа тәрбие­леуде және білікті ғалым­дардан үлгі алуға бағытталған маңызды іс-шаралардың бірі болып табылады. Арнай ОРМАШ.Астана.