• RUB:
    5.53
  • USD:
    474.57
  • EUR:
    513.63
Басты сайтқа өту
18 Мамыр, 2011

Мақсат – үздіктер қатарына ену

387 рет
көрсетілді

Кеше Астанада «Қаз­Мұ­най­газ» Барлау Өндіру» АҚ журналистерге арнап ашық есік күнін өткізді. «БӨ OPEN» ша­расы барысында компанияның топ-менеджерлері БАҚ өкіл­де­рін өткен жылғы көрсет­кіш­тері­мен және болашақ жоспар­ларымен таныстырды. Шара барысында «ҚМГ» Барлау Өндіру» АҚ бас директоры Асқар Балжанов компанияда ат­қарылып жатқан жұмыстар жай­ын­да кеңінен әңгімеледі. «Қаз­Мұ­найгаз» Барлау Өндіру» АҚ Қазақстанда мұнай өндіретін ком­паниялар ішіндегі көшбас­шы­лардың бірі әрі қара алтын өн­діру көрсеткіші бойынша 2-орын­да. Өткен жылдың со­ңында бәсекелестікті күшейту мақ­сатында компания 2010-2020 жылдарға арналған даму стра­тегиясын бекітті. Оған сәйкес, компания алдында тұрған міндеттер өндірістік қызметтің тиімділігін арттыру, геологиялық барлау, Каспийдегі теңіз мұнайын өндіру жобасына қатысу, сондай-ақ Қа­зақ­стан және одан тыс аумақ­тар­да жаңа кен орындарын игеру есе­бінен өндірістік базаны ке­ңейту болып отыр, дейді ол.  Сондай-ақ компанияның бизнесті дамыту бойынша басқарушы директоры Дастан Абдулғафаров «ҚМГ» БӨ» АҚ-тың Қазақстанда және шет елдердегі даму страте­гиясы жөнінде айтса, компа­ния­ның бас экологы Базар Есқожа жүргізіліп жатқан барлау жұмыс­тары және перспективалы бағыт­тар туралы әңгімеледі. Ал журналистер тарапынан экспорттық кеден салығы, сондай-ақ компа­ния­ның шет елдердегі кен орындары туралы сұрақтар қойылды. Ашық есік күнінде жарияланған ақпа­рат­тар туралы газеттің алдағы нөмірлерінде кеңірек жазатын бо­ламыз. Венера ТҮГЕЛБАЙ.