• RUB:
    5.05
  • USD:
    522.91
  • EUR:
    548.85
Басты сайтқа өту
18 Мамыр, 2011

Жемқорлықпен күрес тоқтамайды

355 рет
көрсетілді

Кеше Ақордада Мемлекеттік хатшы Қанат Саудабаевтың төраға­лық етуімен Президент жанындағы сыбайлас жемқор­лық­қа қарсы күрес мәселелері жөніндегі комиссияның мәжі­лісі болып өтті. Мәжілісті ашқан Мемлекеттік хатшы Қанат Саудабаев Қазақ­стан Тәуелсіздігінің 20 жылдық мерейтойы жылы еліміздегі адам құқы мен бостандығын қорғау әрі сыбайлас жемқорлықты құ­рық­тау бағытында айрықша жауапкершілік жүктейтін жыл бо­ла­ты­нын атап өтті. Президент Нұр­сұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауында берілген тап­сырмаларының орындалуы да жалпы қоғам мен мемлекеттік ор­гандардың жемқорлықпен ымы­расыз күресіне тікелей байла­нысты болмақ, деді ол. Отырыста сыбайлас жем­қор­лыққа қарсы күрестің 2006-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру, соның ішінде 2010 жылғы шаралар жос­парының орындалу қорытын­ды­ла­ры талқыланды. Сонымен қа­тар мемлекеттік органдардағы сы­байлас жемқорлық деңгейін көрсету рейтингтерін қараудың қо­рытындысы жасалды. Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша Экономикалық қыл­мыс­қа және сыбайлас жемқор­лық­қа қарсы күрес агенттігінің төр­ағасы Қ.Қожамжаров, Бас прокурор А.Дауылбаев, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Н.Әбіқаев, Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Қ.Нұрпейісов, Ішкі істер министрі Қ.Қасымов, Әділет министрі Р.Түсіпбеков, Қаржы министрі Б.Жәмішев хабарламалар жасады. Отырыс қорытындысы бой­ын­ша комиссия Үкіметке және тиісті мемлекеттік органдарға сы­байлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың 2011-2015 жылдарға арналған жаңа салалық бағдар­ламасын іске асыру және Мемлекет басшысының осы бағыттағы тапсырмаларын орындау бойын­ша шаралар қолдануға ұсыныс­тар жасады. Сонымен бірге мемлекеттік органдардағы 2010 жыл­ғы сыбайлас жемқорлық дең­гейі­нің рейтингтерін есептеу қоры­тындылары мақұлданды. Жақсыбай САМРАТ.