• RUB:
    5.05
  • USD:
    522.91
  • EUR:
    548.85
Басты сайтқа өту
19 Мамыр, 2011

Алғашқы жолдама иелері анықталды

294 рет
көрсетілді

Осы күндері Қазақстан Теннис федерациясы 7-9 шілде аралығында Дэвис кубогының ширек финалдық матчында Аргентина құрамасымен кездесетін еліміздің бас командасына қолдау көрсету мақсатында жанкүйерлерден құралған топты жасақтау үшін «Жанкүйер, сен Аргентинадағы ойынға керексің!» атты шара өткізуде. Бұл шараның мақсаты – жан­күйерлер арасында Аргентинаға арналған жолдаманы иелену үшін ұтыс ойындарын өткізіп, сонда жеңімпаз атанғандарға Буэнос-Айрес қаласына барып-келетін билетті, қонақ үй тү­біртегі мен стадионға кіретін билетті тапсыру. Кеше Астанадағы Теннис фе­дерациясының кеңсесінде осы акцияның аясында өткізіл­ген ал­ғашқы шараның қоры­тын­ды­сы жарияланып, Аргентинаға жол­даманы иеленген екі жан­күйер­дің есімі белгілі болды. Олар – Арал қаласының тұрғыны Мейрамбек Шалжанов пен аст­ана­лық Дамир Оразов. Жолдама иелерімен кездесуде ҰТФ вице-президенті Әділ Бөрлібаев атал­мыш акцияның ережелерімен та­ныстырып, оның қорытын­дысы қалай шығарылғанынан хабардар етті. Қазақстан Теннис федера­ция­сы мұндай шараны еліміз құрамасының Чехия команда­сымен болған соңғы кездесуінен кейін өткізуді қолға алды. Қазір ҚТФ еліміздің бас командасын Дэвис кубогының ширек финал­дық матчында қолдау көрсету үшін жанкүйерлерді Аргенти­наға көптеп апаруды мақсат етіп отыр. Осыған байланысты Теннис федерациясы мамыр айынан бастап ұлттық құрамаға болы­сып, оның ойындарын барынша қолдаған жанкүйерлер арасында Аргентинаға жолдаманы жеңіп алуға арналған түрлі шаралар өткізе бастады. Мұндай шаралар алдағы кезде де жалғасады. Ал Дэвис кубогының ширек финал­дық ойындарына арналған алғаш­қы жолдама Қазақстан мен Чехия құрамаларының арасында өткен кездесуде отандастары­мыз­ға ең көп қолдау көрсеткен жан­күйер­лерге берілді. Осы ойын кезінде және одан кейін www.sport.kz сайтында Аргентинаға жолдама алған Мейіржан Шалжанов пен Дамир Оразов командамызға ең көп қолдау көрсеткен екен. Бұған дейін Beeline компа­ния­сы мен Теннис федерация­сының ұялы байланыс операторы мен БАҚ өкілдері арасында 7-9 шілде күндері Буэнос-Айресте өтетін матч­ты тамашалау үшін конкурс­тың жарияланғанын ха­бар­лаған­быз. Оның ережесін тағы да ес­теріңізге сала кетсек, БАҚ ара­сын­дағы конкурстың жекелеген номинациясында мер­зімді бас­па­сөзде және те­леэфирде 2011 жыл­дың 5-27 мамыр күндері аралығында шыққан ең үздік материал­дар­дың екі авторы же­ңімпаз бо­лып танылады. Коман­далық номинацияда БАҚ ара­сында екі редакция таңдап алы­нады. Мұнда 2010 жылдың жел­тоқсан айы­нан бастап, 2011 жыл­дың 27 мамырына дейін отандық ақ­парат құралдарында теннис ту­ралы ең көп жазған ұжым жеңімпаз атанады. Ал Beeline абоненттері ара­сында өтетін байқауда 5-27 ма­мыр күндері аралығында дема­лыстарды есептемегенде күн сайын www.beeline.kz мен www.ktf.kz сайттарда, компанияның  Facebook, Vkontakte және twitter әлеуметтік желілеріндегі ресми топтарында теннис туралы қо­йылған екі сұраққа және ко­н­курстың қорытындысындағы 34 сұраққа ең көп жауап берген бір абонент Дэвис кубогының ширек финалдық кездесуін тамашалау үшін тегін билетке ие болады. Дастан КЕНЖАЛИН.