• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
19 Мамыр, 2011

Дәрігерлер Израильге аттанды

360 рет
көрсетілді

Облыс бойынша бес кардиолог және бес онколог дәрігер біліктілігін көтеру үшін Израильге жүріп кетті. Жүрек-қан тамыр­лары ауруларынан болатын өлім-жітімнің ең төмен көрсеткіші  Израильде және бұл елде қатерлі ісікке шалдыққан аурулардың  үл­кен пайызы  химиялық терапия алған­нан кейін аман қалады екен. Ал мамандардың айтуынша, Қос­та­най өңірінде бұл науқастан бола­тын адам шығынының көр­сеткіші әлі де жоғары. Сондық­тан, облыс әкімі Сергей Кула­гин­нің қолдауы­мен Қостанай және Лисаков қала­ларындағы ауруханалардан он дәрі­гер Из­раильдің  ем­деу орын­да­рында біліктілігін көтеретін болады. Кардиолог және онколог ма­мандардың бұл сапары үшін об­лыс бюджетінен 13 миллион тең­ге бөлінді. Дәрігерлер біліктілігін көтеруге облыста алғаш рет осын­дай қомақты қаржы қарастыры­лып отыр. – Біліктілікті көтеру үшін екі апта оншалықты көп уақыт та болмауы мүмкін. Олар Израильден келе салып,  жаңа тех­ноло­гия­ны бірден  тәжірибелеріне ен­­гізе салады деген түсінік ту­мауы керек. Медицинасы алға дамып кет­кен елде адамдардың денсау­лығын күтуі, дәрігерлер­дің пациенттермен жұмыс істеуі, нау­қас­тардың менталитеті – бар­лығы да  бізден бөлек. Біздің дәрігерлер соның барлығын да бақылайды, мүмкіндігінше озық тәжірибені үйренеді. Олар келген соң түйген тәжірибені әріп­тестеріне үйретеді. Дәрігер мәдениеті дегенге де мән бермейміз. Ал бізге түсетін арыз-ша­ғымның басым көпшілігі дә­рігерлердің науқас пен олардың туыстарына уақыт және олар­дың көңілін жұбатардай дұрыс  сөз таба  алмауы туралы бо­лады, – дейді облыстық  денсаулық сақтау бас­қармасы бастығының орынба­сары Гүлшат Бай­жұ­манова. Нәзира ЖӘРІМБЕТОВА, Қостанай.