• RUB:
    5.05
  • USD:
    522.91
  • EUR:
    548.85
Басты сайтқа өту
20 Мамыр, 2011

Мәдениет мәселелері сөз болды

516 рет
көрсетілді

Қазақстан Республикасының Мәдениет министрі Мұхтар Құл-Мұхаммед өзінің қытайлық әріптесі Цай У-мен кездесу өткізді, деп хабарлады Мәдениет министрлігінің баспасөз қызметі. Оның барысында мәде­ниет саласының екіжақты қа­рым-қа­ты­насына қатысты бір­қа­тар мә­се­ле қарас­ты­ры­лып, талқы­ланды. Сонымен қатар, екі жақ Шанхай ынты­мақ­тастық ұйы­мы шең­бе­рін­де мәдени бай­­ла­ныстарды одан әрі нығайтудың маңыз­ды­лығын атап көрсетті. М.Құл-Мұхаммед мәде­ниет мем­лекет және тіл ше­­карасын мой­ында­май­тын бірден-бір сала екенін атап өтіп, музей ісі сала­сын­дағы екіжақты қарым-қаты­нас­т­ы жана сапалы деңгейге шы­ғару қажет­ті­гіне тоқталды. Қа­зақ­стан өзінің тарихын көршілес жатқан Қы­тайдың тарихы­мен сабақтастықта қа­рай­тындығына назар аудар­ды. Қытайлық мейман өз кезегінде мәдени және рухани бай­ланыстардың одан әрі нығая беретіндігіне сенім білдіріп, кинематография, мә­дени және тарихи маңы­зы бар ескерткіштерді сақ­тау, музей ісі саласы бой­ын­ша қа­рым-қатынастарды жан­дандыра түсу қажет­тігіне баса назар аударды.